15.10.2012, 11:55 8733

Қазақстандағы 21 әуежайдың ішінде 8-і ғана рентабельділік болып табылады

Еліміздің әуежайлары салмақты реформаны қажет етеді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Ибдірахымов мәлім етті.

Астана. 15-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы 21 әуежайдың ішінде 8-і ғана рентабельділік болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еліміздің әуежайлары салмақты реформаны қажет етеді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Ибдірахымов мәлім етті.

Баяндама барысында еліміздегі әуежайлардың базалық қызметтеріне жасалған талдауға тоқтала келе агенттік төрағасы, әуежайлардың қызметтері табиғи монополиялар саласына жататынын, мұндай қызметтерде тарифтерді мемлекет реттейтінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, аталған тексерулер барысында 21 әуежайдың ішінде 8-і ғана рентабельділік танытатыны белгілі болған. Сондықтан да, бұл салада бірталай реформа жүргізу қажеттігін алға тартады агенттік төрағасы.

"Ресей мен Еуроодақ елдерінің тәжірибелерін зерттеп, жергілікті әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірқатар ұсыныстар жасамақпыз. Біріншіден, әуежайлар аумағында авиакеросин бағасын төмендету үшін бірнеше компанияларға авиакеросин сатуға мүмкіндік беруіміз керек. Иуежайларды шығынға ұшыратқан қызметтер тарифтерін қайта қарау қажет. Иуежайлардың өзге де қызметтерден түсетін табысы 5 пайыздан аспауы тиіс делінген құқықты алып тастауымыз керек", - дейді Ғ. Ибдірахымов.

Осы ретте агенттік төрағасы ведомство "бір маршрут - бірнеше тасымалдаушылар" қағидатын сақтауды ұсынғанын, мұны Көлік және коммуникация министрлігі отандық авиакомпаниялар арасында авиамаршруттарды бөлу кезінде ескергенін атап өтті. "Ағымдағы жылы маршруттарда екі-үш тасымалдаушылар жұмыс істейді. Мәселен, Алматы-Астана-Алматы бағытында "Скат" және "Эйр Астана" компанияларымен қоса тамыздан бастап "Бек-Эйр" авиакомпаниясы ұшуды бастады. Олардың авиабилетінің құны 15 мың теңге", - дейді Ғ. Ибдірахымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны