30.12.2008, 11:47 1772

Қазақстандағы АҚШ елшілігіне ішінде белгісіз ұнтағы бар пакет келді

Қазақстандағы АҚШ елшілігіне ішінде белгісіз ұнтағы бар пакет келді

Алматы. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстандағы АҚШ елшілігіне ішінде белгісіз ұнтағы бар пакет келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, кеше сағат 11.00-де "Renko Palace" ғимаратында қауіпсіздік қызметінің өкілі ішінде белгісіз ұнтағы бар конверт тауып алған. Конверт АҚШ-тың Техас Штатының Даллас қаласынан Алматыға, Қазақстандағы АҚШ елшілігіне жіберілген.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлері конвертті сараптама жасау үшін алды. Сараптама М.Айқынбаев атындағы Қазақ зооноздық және карантиндік жұқпалы аурулар жөніндегі ғылыми орталығында жүргізіледі. Конверт болған орынды жауып, оған қызметкерлердің кіруіне тыйым салынды. Конвертті қолдарына ұстаған бес адам дәрігердің бақылауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны