13.06.2016, 20:34 4621

Қазақстандағы аптап ыстықтыӊ арты жауын-шашынға ұласады

Қазақстан республиканыӊ батысында жауын-шашынсыз күн райы күтіліп, ауаныӊ температурасы 33-41 градусқа дейін көтеріледі.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда аптап ыстық жауын-шашынға ауысады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен аптада республиканыӊ шығыс бөлігіне Иран жақтан ыстық әрі өте құрғақ ауаныӊ ығысуынан аптап ыстық болды. Батыс бөлігінде еуропалық Ресейдіӊ солтүстік-батыс аудандарынан салқын әрі ылғалды ауа келіп, сонымен бірге жаӊбыр жиі жауып, ауаныӊ температурасы әдеттегіден 2-4 градус төмен болды. Алдағы үш тәулікте атмосфералық процестердіӊ ауысуы күтіліп отыр. Батыс Сібір аудандарынан ылғалды әрі салқын ауа массалары келіп жетеді. Сонымен бірге республиканыӊ басым бөлігінде жаӊбыр жауып, найзағай жарқылдайды, кейбір жерлерде бұршақ түсіп, ауаныӊ температурасы төмендейтіні күтіліп отыр", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақстан республиканыӊ батысында жауын-шашынсыз күн райы күтіліп, ауаныӊ температурасы 33-41 градусқа дейін көтеріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны