11.06.2008, 17:53 3063

Қазақстандағы әрбір төртінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды - UNIFEM

Қазақстандағы әрбір төртінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды - UNIFEM

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы әрбір төртінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл туралы бүгін Екінші Еуразиялық әйелдер саммитіне арналған баспасөз мәслихатында Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдер мүддесін қорғайтын Даму қорының (UNIFEM) ТМД елдері бойынша өңірлік директоры Дәмирә Сартбаева мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, Екінші Еуразиялық әйелдер саммитінде қазір бүкіл әлем бойынша жүргізіліп жатқан науқан ТМД елдері үшін ашылатын болады. "Бұл "Зорлық-зомбылықтан еркін өмір - біздің құқығымыз" деп аталатын UNIFEM науқаны. Оны UNIFEM-нің ерікті елшісі Николь Кидман басқарады. Бұл әйел кинода күрделі ішкі әлемі және өмірдегі драмалық жағдайлары бар көптеген ерекше әйелдердің бейнесін жасады", - деді Д. Сартбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны