31.03.2008, 09:45 3971

Қазақстандағы атмосфераға таралған барлық зиянды қалдықтардың үштен бірі Қарағанды облысына тиесілі - экологтар

Қазақстандағы атмосфераға таралған барлық зиянды қалдықтардың үштен бірі Қарағанды облысына тиесілі - экологтар

Теміртау. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы атмосфераға таралған барлық зиянды қалдықтардың үштен бірі Қарағанды облысына тиесілі. Бұл туралы Теміртауда өткен экологиялық жиналысқа қатысушылар мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Шараға ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, депутаттар мен экологтар қатысты.

Шараға қатысушылардың ақпаратына сүйенсек, Балқаш, Жезқазған және Теміртау қалалары Қарағанды облысындағы ең лас қалалары болып табылады. Олардың үлесіне облыстың барлық зиянды қалдықтарының 80 пайызы тиеді. Атмосфераға таралатын зиянды заттардың негізгі көзі өңірдің өнеркәсіп орындары болып отыр.

Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Бауыржан Смағұловтың айтуынша, облыстың қоршаған орта жағдайына кері әсер етіп отырған негізгі кәсіпорындар - "Балқаш түсті металл" Өндірістік бірлестігі (2007 жылы 594 мың тонна зиянды қалдық шығарылған) мен "Арселор Миттал Теміртау" АҚ (315 мың тонна).

Жиналыс барысында атап көрсетілгендей, облыстың әрбір тұрғынына жылына 200 кг әртүрлі химиялық қоспалар келеді екен. Экологиялық ахуалмен байланысты өңірде кісі өлімі, ауру және мүгедектік белең алып келеді. Сөйте тұра облыста өнеркәсіп орындары шығаратын зиянды қалдықтардың қаншалықты қауіпті екенін анықтайтын құрал жоқ.

"Жыл сайын ондаған мың тонна марганец, кальций карбиді, цемент, әртүрлі тотықтар біздің азаматтарымыздың басына тасталуда", - деп мәлімдеді Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Фарит Валеев.

Өз кезегінде, "Арселор Миттал Теміртау" басшылығы компания жүргізіп отырған табиғат қорғау шараларымен жұртшылықты таныстырды. "Арселор Миттал" өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, компания табиғат қорғау шараларына жыл сайын аз қаржы бөлмейді. Атап айтқанда, 2008 жылы 350 млрд теңге бөлінген.

"1995 жылдың сату-сатып алу туралы шартында сіздердің үкіметтеріңіз бізге он жыл бойы ешқандай қосымша экологиялық шараларды өткізбеуге және он жыл экологиялық салық төлемеуге рұқсат берді. Сондықтан өтінерім: бізді орынсыз кінәлай бермеңіздер", - деп мәлімдеді "Арселор Миттал" бас директоры Сатиш Тапария.

Шараға қатысушылардың ақпаратына сүйенсек, Балқашта "Балқаш түсті металл" кәсіпорынының басшылығы 10 жыл бойы қалалықтарды күкірт диоксидінің зиянды әсерінен қорғау алмай келеді. Ақтау ауылында Central Azia Zement басшылығы қоршаған ортаны ластағаны үшін аз мөлшердегі айыппұлдар төлеп құтылады.

"Цемент зауыты туралы не айтуға болады? Ондағы ақтаулықтардың жартысының тістері түсіп қалды. Жануарлардың тіпті де тістері жоқ. Себебі, онда бәрін цемент шаңы басқан", - деді парламент мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны