15.07.2009, 15:29 2583

Қазақстандағы балалардың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде мамандар жетіспейді - Еңбек министрлігі

Қазақстандағы балалардың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде мамандар жетіспейді - Еңбек министрлігі

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы балалардың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде мамандар жетіспейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісі барысында мекеменің әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Ғайни Манабаева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Илеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінің мамандармен қамтамасыз етілу деңгейін алатын болсақ, Астанадағы мекемелер мамандармен толық қамтамасыз етілген. Алматыда әлеуметтік қызмет жөніндегі мамандармен жартылай қаматамасыз етілген, логопедтер жартылай, мұғалім-дефектолог мамандармен жартылай, сенсорлық машықты дамыту жөніндегі мұғалім-дефектолог мамандармен жартылай, денешынықтыру мамандарымен жартылай ғана қамтамасыз етілген", - деді Ғ. Манабаева.

Оның айтуынша, облыстар арасынан Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай ғана әжептәуір жақсы. Ал басқа облыстар аталған мамандармен жарым-жартылай ғана қамтамасыз етілген. Еңбек нарығында осындай мамандар тапшы, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны