16.07.2013, 14:16 3131

Қазақстандағы балалардың өлім-жітімі 65%-ға азайған - БҰҰ бағалауы

БҰҰ Ведомствоаралық тобының алдын ала бағалаулары бойынша Қазақстандағы бес жасқа толмаған балалардың өлім-жітімі 1990 жылғы 1000 тірі туылғандарға 54,1 өлімнен келетін жағдайға қарағанда, 2012 жылғы 18,7-ге дейін 65 %-ға азайған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Біріккен Ұлттар ұйымының Балалар қорына (ЮНИСЕФ) сілтеме жасап.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандағы балалардың өлім-жітімі 65%-ға азайған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БҰҰ Ведомствоаралық тобының алдын ала бағалаулары бойынша Қазақстандағы бес жасқа толмаған балалардың өлім-жітімі 1990 жылғы 1000 тірі туылғандарға 54,1 өлімнен келетін жағдайға қарағанда, 2012 жылғы 18,7-ге дейін 65 %-ға азайған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Біріккен Ұлттар ұйымының Балалар қорына (ЮНИСЕФ) сілтеме жасап.

"БҰҰ Ведомствоаралық тобының алдын ала бағалаулары бойынша Қазақстандағы бес жасқа толмаған балалардың өлім-жітімі 1990 жылғы 1000 тірі туылғандарға 54,1 өлімнен келетін жағдайға қарағанда, 2012 жылғы 18,7-ге дейін 65 %-ға азайған. Бұл деректер Қазақстанның 1990 жылдан 2015 жылды қоса алғандағы уақытта бес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін үштен екіге азайту бойынша Мыңжылдық Даму Мақсаттарына жету жолында екенін дәлелдейді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Бұл мәліметті 2013 жылы 22-25 маусым аралығында Қазақстанға келген БҰҰ мүшелері статистикалық мәліметтермен танысқан соң жариялады.

Аталған миссияның мақсаты елдегі сәби және бала өлімін азайтуға денсаулық сақтау жүйесінің оң ықпалын анықтау үшін азаматтық хал актілері жазбалары қызметін, жүргізілген ұлттық зерттеулер мен халық санағын, сонымен қатар олардың мұқияттығын қоса алғанда Қазақстандағы өлім мен тууды тіркеу бойынша деректер жинау жүйесін бағалау болды.

Сонымен қатар, БҰҰ сарапшылары Астана қ. № 1 перинаталды орталығында, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығында, аудандық АХАЖ бөлімдерінде болды, бұл жалпы e-gov жүйесінде ұлттық статитсикалық деректер қалай жиналып, өңделетінін түсінуге мүмкіндік берді.

БҰҰ миссиясы сонымен қатар облыстар бойынша сәби және бала өлімінің көрсеткіштері мен соңғы жылдардағы үрдістерге жасалған талдауды қосымша ұсынды.

Бұдан бөлек, өздерінің сапарлары кезінде БҰҰ сарапшылары Денсаулық сақтау және әділет министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің өкілдерімен кездесулер өткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны