02.08.2006, 17:07 3038

Қазақстандағы бизнес істері жөніндегі омбудсмен институтына бақылау-қадағалау функциялары берілмейді - ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстандағы шағын және орта бизнес істері жөніндегі омбудсмен институтына бақылау-қадағалау функциялары берілмейді. Бұл туралы бүгін әкімшілік реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ербол Орынбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Шағын және орта бизнес істері жөніндегі омбудсмен институты - мемлекеттік институт емес, ол мемлекеттік мекемеге де жатпайды, мемлекеттік лауазым болып табылмайды. Бұл - мемлекеттің қолдауында, онымен ынтымақтаса жұмыс істейтін қандайбір үкіметтік емес ұйым болады деп ойлаймыз",- деді Е.Орынбаев. "Ол азаматтық қоғам институты болады. Шағын және орта бизнестің адвокаты ретінде жұмыс істеп, мониторинг жүргізеді. Ал мемлекет осы институт көтерген мәселелерді шешетін болады". "Оның жұмыс нәтижесі мемлекетпен, БАҚ-тармен, шағын және орта бизнеспен қалай ықпалдастық орнатқанына байланысты. Нәтиже оған прокурорлық функциялар берумен немесе пәрмен беру құзыретімен мүлдем байланысты емес",- деп санайды президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен отырыс барысында әкімшілік реформалар жөніндегі комиссия ел президентіне үкімет пен мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін модернизациялауға қатысты ұсыныстарды жолдады. Бұл ұсыныстар мемлекет басшысының атына жолданатын хатта баяндалып, қолдау сұралады. Ұсыныстардың арасында шағын бизнес істері бойынша омбудсмен институтын құру туралы ұсыныс та бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны