11.03.2013, 13:18 3659

Қазақстандағы бизнес жобалардың төрттен біріне жуығын әйелдер жүзеге асырады

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының жобалары ішіндегі әйел жетекшілердің үлесі 2010 жылдың басына 10%-ды құраған болатын. Ал, бүгінгі таңда 2700 жобаға 22%-ды құрайды",- деді Л.Ибрагимов.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгінгі таңда "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша жобалар жетекшілерінің ішіндегі әйелдердің үлесі 2700 жобаға 22%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қорының төрайымы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының жобалары ішіндегі әйел жетекшілердің үлесі 2010 жылдың басына 10%-ды құраған болатын. Ал, бүгінгі таңда 2700 жобаға 22%-ды құрайды",- деді Л.Ибрагимов.

Сонымен қатар, ол қордың басым тапсырмаларының арасындағы кәсіпкер әйелдердің саны 40%-ға артқанын атап өтті.

Осылайша, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде келесі шаралар қолданылуда: толығымен тегін оқыту, өңірлерде кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру орталықтарын ашу және де қаржылай көмек көрсету.

Айта кету керек, "Бизнес-Кеңесші" бағдарламасы бойынша соңғы 3 жылда оқытудан өткен 33 мың адамның 60%-ға жуығы ауыл әйелдері санатына жатады.

Сонымен қатар, 2013 жылдың қаңтарына шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту бағдарламасы бойынша 206 әйел оқытудан өтті, ал қатысушылардың жалпы саны 420 адамды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны