07.02.2013, 14:25 5198

Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту саясатын жетілдіру қажет

Еңбек ресурстарының тиімділігін одан әрі көтеру үшін жұмыспен қамтудың қазіргі саясатын жетілдіру керек, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

Астана. 7-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту саясатын жетілдіру қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еңбек ресурстарының тиімділігін одан әрі көтеру үшін жұмыспен қамтудың қазіргі саясатын жетілдіру керек, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

"Жұмыспен қамту бағдарламасы сәтті жүзеге асырылғанына қарамастан еңбек ресурстарының білім беру құрылымы және тиімді емес жұмыспен қамтудың болуы сияқты белгілі бір мәселелер бар. Осыған байланысты жұмыспен қамту саясатын жетілдіру қажеттілігі туындайды",-деді С.Ибденов.

Министрдің айтуынша, алғашқы қадам қазіргі еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жоғарлату болмақ, осыған байланысты Жұмыспен қамту бағдарламасына жұмыс берушілердің қатысуын кеңейтуді және қатысушылар үшін сервистік қызметтерді жақсартуды қарастыратын өзгертулер енгізілген.

Екінші қадам жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты азайту деңгейіндегі аймақтық тепе-теңсіздікті төмендетуге бағытталған еңбек нарығын реттеу механизмдерін жетілдіру болмақ.

"Өткен жылы облыс әкімдерімен бірге өңірлердің Жұмыспен қамту картасын мақұлдау кезінде ауылдық елді мекендерде жұмыс орындарының, мамандықтардың, біліктілік пен жұмыс тәжірибесінің жетіспеушілігі бар екенін көрдік. Жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылған 1,2 млн адам зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру жүйелеріне қатыспайды. Осыған байланысты ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға ерекше назар аудару жоспарлануда. "Халықты жұмыспен қамту" жаңа Заңының жобасы жасалады",- деді С.Ибденов.

Сонымен қатар, Министрлік кәсіпорындарда еңбек жағдайын жасауға және жұмыс істейтін халықтың еңбекке қабілеттілігін сақтауға көңіл бөледі.

"Кәсіпорындардағы еңбек шартының мемлекеттік талаптарға сай болуын жұмыс берушілердің өз еркімен ресми мәлімдеу дағдысын енгізу жүзеге асырылуда. Зиянды еңбек шартында жұмыспен қамтылған тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандырудың арнайы схемаларын ұйымдастыру бойынша жоба әзірленген",- деп түсіндірді ведомство басшысы.

Еңбек министрлігі салалар мен өңірлерге қатысты еңбекақы төлеудегі тепе-теңсіздікті жою мен оны реформалауды жоспарлағанын атап өту керек.

"Ең жоғарғы еңбекақы қаржы қызметінде белгіленген - 182 мың теңге, ал ең төменгісі ауыл шаруашылығында. Атырау облысы өңірлеріне келсек - 177,5 мың теңге, Солтүстік Қазақстанда - 67 мың теңге. Сондықтан, біз кезең-кезеңмен төменгі еңбекақыны күн көріс минимумына жақындатамыз",-деп атап өтті министр.

Осыған қоса, С.Ибденов жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қамсыздандырудың сәйкес жүйесін ұйымдастыру және әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру қажеттігін атап айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны