28.03.2007, 17:50 3118

Қазақстандағы ірі жер қойнауын пайдаланушылар 2007-жылы табиғат қорғау шараларына 1 млрд доллардан астам қаржы жұмсайды - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандағы ірі жер қойнауын пайдаланушылардың ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісе отырып жасаған жоспарына сәйкес, 2007-жылы табиғат қорғау шараларына 1 млрд доллардан астам қаржы жұмсалады. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н.Ысқақовтың айтуынша, министрліктен жер қойнауын пайдалануға рұқсат алған 254 кәсіпорыннан қоршаған ортаға 90 процентке жуық кері әсер тигізетіндері 42-43 кәсіпорын. "Бұл мұнайгаз, тау-кен-металлургиялық және энергетикалық сала кәсіпорындары. Сөйтіп, ауаны ластаушы ірі компаниялардың бізбен келіскен жоспарына сәйкес табиғат қорғау шараларына 1 млрд доллардан астам қаржы жұмсалады. Бұл біршама ауқымды қаржы. Ал былтыр бұл сан 28 млрд теңге болған",- деді министр.

Министр сонымен қатар жуырда күшіне енген ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес табиғатты пайдаланушыға табиғат қорғау шараларын тиісті қаржыландырумен ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі бекіткен жағдайда ғана жыл сайынғының орнына ұзақ мерзімге (3-5 жыл) рұқсат берілетінін еске салды. "Біз айыппұл салу тәжірибесінен бас тартқымыз келеді. Оның орнына кәсіпорындарды табиғат қорғау шараларына өз қаржысын жұмсауға ынталандыру қажет",- деп атап өткен Н.Ысқақов ынталандырудың бір түрі - табиғатты пайдалануға ұзақ мерзімге рұқсат беру екенін айтты.

Сонымен бірге ол табиғатты пайдаланушының іс-қызметіне байланысты қоршаған ортаны ластау деңгейі төтендеген жағдайда ол үшін төленетін төлем мөлшерінің де төмендейтінін атап өтті. "ТШО-ға қатысты ахуалда біз осы мақсатқа қол жеткіздік: егер олар бұрын табиғат қорғау шараларына өндірілген бір тонна мұнайға 1 теңгеден сәл ғана асатын қаржы жұмсап келсе, 2007-жылдан бастап олар экологиялық проблемаларлы шешуге жыл сайын 100 млн доллардар кем түспейтін қаржы жұмсайтын болады",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны