29.01.2015, 17:49 9590

Қазақстандағы киіктер саны 257 мыӊға жуықтады

Елімізде киіктер саны 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 есеге артты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ алқа мәжілісінде мәлім болды

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елімізде киіктер саны 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 есеге артты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстандағы киіктердіӊ саны 256,7 мыӊға жетіп, 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 есеге артты. Сондай-ақ арқар, қарақұйрық, құлан, бұғылардыӊ саны өсуде",- делінген министрлік мәліметінде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ведомствоныӊ "ҚазАқпаратқа" берген деректеріне сүйенсек, браконьерлікпен күрес бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, киіктерді заӊсыз ату азайған жоқ. 2014 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен ҚР ІІМ бөкендер мекендейтін ортада киіктерді ату, олардыӊ мүйіздерін сатып алу мен тасымалдау бойынша 68 фактіні тіркеді. Қаскөй аӊшылар 300-ден астам киікті атып алған, осы заӊ бұзушылардан 1015 бөкен мүйізі тәркіленді.

Атап айтқанда, бұл фактілер елімізден тыс жерлерге киік мүйіздерін контрабандалық жолмен тасымалдау мүмкіндігін байқатып отыр. Бұл жануарлардыӊ мүйіздері шығыс медицинасында дәрілік зат шикізаты ретінде пайдаланатыны белгілі. Сонымен қатар киіктердіӊ санын арттыруға кедергі тағы бір проблема - ол жануарлардыӊ инфекцияларға сезімталдығы. Естеріӊізге сала кетейік, 2010-2013 жылдары БҚО, Қостанай, Ақмола облыстарында пастереллезден бөкендердіӊ жаппай қырылуы анықталды. Нәтижесінде 14 мыӊнан астам жануар қырылды. Министрліктіӊ мәліметінше, киіктердіӊ дерті жеткілікті деӊгейде зерттелмеген, сондықтан бұл жағдай олардыӊ көбеюіне нақты қатер тудырып отыр.

Осы орайда ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен ҚР БҒМ 2012 жылдан бастап киіктердіӊ инфекциялық індеттерін зерттеу бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар инфекциялық дерттердіӊ алдын алуға негізделген.

Қазақстанда киіктердіӊ Бетпақдала таралымы, ал екіншісі - Үстірт және Орал таралымдары мекендейді. ҚР АШМ деректеріне сүйенсек, ХХ ғасырдыӊ 90-жылдарда олардыӊ саны 1 миллионнан астамнан 2003 жылы 21 мыӊ басқа дейін төмендеуінен бұл жануарларды сақтап қалу проблемаға айналды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны