27.12.2016, 14:40 4116

Қазақстандағы кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді

Бұл Қазақстандағы барлық кітапханалардыӊ бірыӊғай электронды каталогын құруға көмектеседі. Мұныӊ ізін ала Қазақстан "ТМД елдерініӊ электронды кітапханасы" жобасына қосылады.

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2020 жылға қарай барлық кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді. Аталған сандық жүйе кітапхана қызметініӊ дамуына оӊ ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаӊа мүмкіндіктер береді.

"Бұл Қазақстандағы барлық кітапханалардыӊ бірыӊғай электронды каталогын құруға көмектеседі. Мұныӊ ізін ала Қазақстан "ТМД елдерініӊ электронды кітапханасы" жобасына қосылады. Бұл жағдайда ресейлік қорларда сақтаулы тұрған ерекше кітаптар біздіӊ азаматтар үшін де қолжетімді болмақ. Сонымен бір уақытта республикада алғаш рет сирек әрі ерекше кітаптар мен қолжазбалардыӊ орталығы ашылады", - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, оқушылар үшін әдебиет пәні бойынша мектеп бағдарламасына үздік заманауи авторлардыӊ шығармалары енгізіледі. Ал, еліміздіӊ жас тұрғындарына арналған әдеби шығармаларды тегін жарнамалауға мүмкіндік беру қарастырылған. Қазақстандықтардыӊ кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітап оқуды қолдау жөнінде ведомствоаралық кеӊес құрылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны