17.07.2008, 15:47 2097

Қазақстандағы Қорғалжың және Нурызым қорықтары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді

Қазақстандағы Қорғалжың және Нурызым қорықтары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы Қорғалжың және Нурызым қорықтары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінге дейін Орта Азия өңірінің ұлан-ғайыр аумағында бір де бір дүниежүзілік табиғи мұра нысаны болмапты. Қазақстанның қос мемлекеттік табиғи қорықтарының аумақтары баршаға танылған әлемдік маңызы бар табиғи нысандардың қатарына кіру арқылы Орта Азиядағы алғашқы жол бастаушы болды", - деп атап көрсетті Н. Ысқақов.

Министр екі қорықтың "Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері" деген атпен біртұтас аталымға біріктірілгенін хабарлады. Себебі, қос қорық бір географиялық аймақта және суда жүзетін құстардың бір миграциялық жолының аумағында орналасып, сондай-ақ, бүкіл Азиядағы аса маңызды сулы-батпақты алқаптардың бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны