18.02.2013, 14:35 3295

Қазақстандағы медициналық қызметтерді дербес жеткізушілердің үлесі 16%-ды құрады

Қазақстандағы стационарлық сипаттағы медициналық қызметтерді дербес жеткізушілердің үлесі 16%-ға жетті, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы медициналық қызметтерді дербес жеткізушілердің үлесі 16%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандағы стационарлық сипаттағы медициналық қызметтерді дербес жеткізушілердің үлесі 16%-ға жетті, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

"Қаржыландырудың жаңа принциптері дербес жеткізушілердің үлесін16%-ға арттыруға себеп болды. Емдеу-диагностикалық қызметтердің бірқатарын бәсекеге қабілетті ортаға тапсыру тәжірибесі дамып келеді", - деді С.Қайырбекова.

Сонымен қатар, осы әдістің тиімділігне тоқтала кетіп, Денсаулық сақтау министрі дербес жеткізушілердің гемодиализ қызметтерінің 90%-ын орындайтынын жақсы үлгі ретінде атап өтті. Салидат Қайырбекованың мәліметі бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жүйесін енгізу аясында денсаулық сақтау нысандарын жекеменшік компаниялар мен ірі медициналық басқармалардың сенімді басқаруларына тапсыру қарастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес әр түрлі медициналық қызмет көрсету бойынша жекеменшік компаниялардың үлесі аурухана секторында 13%-ды және емхана бөлімінде 25%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны