29.07.2008, 09:49 1372

Қазақстандағы мұнай өңдеу өнеркәсібін мемлекеттің бақылауына алу керек - газет

Қазақстандағы мұнай өңдеу өнеркәсібін мемлекеттің бақылауына алу керек - газет

Алматы. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы мұнай өңдеу өнеркәсібін мемлекеттің бақылауына алу қажет. Тек осы жағдайда ғана мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы жағдай тұрақталуы мүмкін. Бұл жөнінде Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясының басшысы Ибдікәрім Ибжанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Время" газетіне сілтеме жасай отырып.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, талдау нәтижелері Қазақстан зауыттарының елге қажетті көлемдегі жанармай өндірмей отырғанын көрсеткен. Және жеткізушілер қымбат бағамен шетелден жанар-жағармай сатып алуға мәжбүр болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны