19.06.2008, 12:29 1354

Қазақстандағы "Общество сознания Кришны" қоғамы қоқыс төгетін орыннан бөлінген жер телімінен бас тартты

Қазақстандағы "Общество сознания Кришны" қоғамы қоқыс төгетін орыннан бөлінген жер телімінен бас тартты

Алматы. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы "Общество сознания Кришны" қоғамы Алматы облысының Іле ауданындағы қоқыс төгетін орыннан бөлінген жер телімінен бас тартты. Бұл туралы агенттікке аталған діни бірлестіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Осы жылдың 17 маусымында Қазақстандағы "Общество сознания Кришны" қоғамының төрағасына республика үкіметі қоғамға қабылдаудан бас тартқанына қарамастан, осы жер телімін ресми түрде бөлді деген хабарландыру алды", -деп хабарлайды бірлестіктегілер.

Олардың айтуынша, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов телефон арқылы әңгімеде қоғам басшылығын аталған жерден бас тарту арқылы қоғам Қарасай ауданында қалған басқа да құрылыс нысандарынан, нақты айтсақ, шіркеу мен сиыр қорасынан да айрылуы мүмкін екенін ескерткен. Икімнің орынбасары Қарасай аудандық әкімшілігіне "осы мәселемен айналысуға тапсырма беретінін" мәлімдеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны