20.02.2008, 17:42 2696

Қазақстандағы орны толатын қуат көздеріне деген негізгі сұраныс 2016 - 2020 жылдары басталады - ҚазЭКҒЗИ РМК

Қазақстандағы орны толатын қуат көздеріне деген негізгі сұраныс 2016 - 2020 жылдары басталады - ҚазЭКҒЗИ РМК

Астана. 20-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы орны толатын қуат көздеріне деген негізгі сұраныс 2016 - 2020 жылдары басталады. Мұндай пікірді бүгін "Қазақстандағы орны толатын қуат көздерін дамыту мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазақ экология және климат жөніндегі ғылыми-зерттеу институты" РМК төрағасы Алексей Чередниченко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанның энергетика саласындағы жалпы қуаттылығы 4 - 4,5 ГВт дейін орны толатын қуат көздеріне деген сұраныс 2016 - 2020 жылдары басталады",- деп санайды Алексей Чередниченко. Оның пайымдауынша, баламалы қуат көздерін ерте кезеңде дамыту "заңды тұрғыдан қолдау табуға" себепші болады. Ол "жоғарғы капитал сыйымдылығына қарамастан орны толтырылатын қуат көздері жанармай шығынының болмауымен, операциялық және пайдалану шығындарының төмендігімен, құрылыс мерзімінің қысқа болуымен тартымды болып келеді", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны