25.05.2010, 16:32 3149

Қазақстандағы православиелік шіркеулерде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап дұға оқылады

Қазақстандағы православиелік шіркеулерде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап дұға оқылады

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандағы барлық православиелік шіркеулерде 30 мамырда қазақ жеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап дұға оқылады. Бұл туралы Қазақстандағы саяси нәубет құрбандарын еске алу күніне орай Астана және Алматы архиепископы Александрдың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today Астана және Алматы епархиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандағы барлық православиелік шіркеулерде 30 мамырда қазақ жеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап дұға оқылып, жазықсыз жапа шеккендерді еске алатын боламыз. Олар біздің мәңгілік жадымызда!" - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен мамыр айының соңғы күні саяси нәубет құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны