06.06.2018, 20:15 4157

Қазақстандағы туризм жайлы бағдарламалар пойыздарда көрсетіле бастады

5 маусымынан бастап Қазақстан темір жолыныӊ "Тұлпар-Тальго" 22 құрамында және фирмалық жүрдек пойыздарыныӊ 9 құрамында қазақ және орыс тілдеріндегі "Unknown Kazakhstan"(Белгісіз Қазақстан) теле бағдарламасы көрсетіле бастады.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - 5 маусымынан бастап Қазақстан темір жолыныӊ "Тұлпар-Тальго" 22 құрамында және фирмалық жүрдек пойыздарыныӊ 9 құрамында қазақ және орыс тілдеріндегі "Unknown Kazakhstan"(Белгісіз Қазақстан) теле бағдарламасы көрсетіле бастады.

"Unknown Kazakhstan" -Kazakh TV телеарнасындағы еліміздіӊ еӊ қызықты мекендері мен белгісіз жерлері туралы баяндайтын бағдарлама.

Бұдан басқа, жалпы хронометражы 6 сағаттан асатын "Discovering Kazakhstan" және "Aviator" атты ел ішіндегі саяхат туралы тағы екі бағдарламаны көрсетужоспарланған.

"Kazakh Tourism" және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниялары, сондай-ақ "Хабар" агенттігі мамыр айында қазақстандықтарды ел ішінде көбірек саяхаттауға ынталандыруды көздейтін бірлескен кампания жариялағанын атап өткен жөн.

Бұл шара еліміздіӊ әуежайларымен теміржол вокзалдарында Қазақстанныӊ түпкір-түпкірінде орналасқан туристік орындар туралы танымдық бейнебаяндарды көрсетуден басталды.

Маусым айынан бастап бұл кампанияны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ қолдап, бейнебаяндарды Қазақстан бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсете бастады.

Науқанға "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әкежайыныӊ жарнамалық операторы MYD Production да қолғабыс етіп, белгілі қазасқтандық фотограф Константина Киквидзеніӊ Қазақстан туралы суреттерін ішкі терминалдыӊ ұшу алаӊдарында орналастырды.

"Белсенді туристік маусым басталып келе жатыр және біз өз азаматтарымызға ішкі туризм мүмкіндіктері туралы барынша ақпарат беруге тырысып жатырмыз. Ирбір қазақстандық қазақтыӊ осы бірегей табиғи және тарихи-мәдени көрнекті орындарына баруға тиіс деп есептейміз",- деп атап өтті "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны