27.05.2008, 17:50 3155

Қазақстандағы ұялы телефондар нарығының бәсекеге қабілеттілігі жоғары - Еуразиялық банктің өкілі

Қазақстандағы ұялы телефондар нарығының бәсекеге қабілеттілігі жоғары - Еуразиялық банктің өкілі

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы ұялы телефондар нарығының бәсекеге қабілеттілігі жоғары. Бұл туралы "Еуразиялық банкі" АҚ басшылығының алмасуы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Еуразиялық банктің аудиторлық комитетінің төрағасы Валерий Дорджиев мәлімдеді.

"Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, ұялы телефондар нарығының бәсекеге қабілеттілігі 150 пайыз маңайында. Яғни, біз тұтынушыларда ұялы телефонның 2-3 нөмірі болуына жақындап келеміз", - деп атап көрсетті В. Дорджиев.

Банк өкілінің пайымдауынша, ұялы телефон нарығындағы бәсеке айтарлықтай жоғары. "Бірақ бәсекеге қабілеттілік 100 пайыздан асып кеткеніне қарамастан, ешкім де ұялы телефон нарығына кіру үмітін үзбейді", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны