11.03.2007, 14:59 3349

Қазақстандағы заңдастырылған мүліктің жалпы құны 6-наурыздағы жағдаймен 1 млрд 550 млн АҚШ долларын құрады

АСТАНА. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандағы заңдастырылған мүліктің жалпы құны 6-наурыздағы жағдаймен 1 млрд 550 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиналыста Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлімдеді.

"Қазақстандағы заңдастырылған мүліктің жалпы құны 6-наурыздағы жағдаймен 193,6 млрд теңгені, немесе 1 млрд 550 млн АҚШ долларын құрады",- деп хабарлады Н. Рахметов. Оның мәліметтеріне сүйенсек, республикалық бюджетке заңдастырудан 7,7 млрд теңге көлемінде алым жиналды.

"2007 жылдың 6-наурызында салық органдары арқылы 300 өтініш бойынша 29,6 млрд теңге көлемінде мүлік заңдастырылған",- деп нақтылап өтті салық комитетінің төрағасы. Соның ішінде, Н. Рахметовтың сөздеріне сүйенсек, заңдастырылған ақшаның жалпы сомасы 58,7 млрд теңге, немесе 470 млн АҚШ долларын құрап отыр. "Өңірлерге шақсақ, заңдастырылған қаржының негізгі бөлігі Алматы қаласы (46,6 млрд теңге), Астана қаласы (5,1 млрд теңге) мен Алматы облысының (2,6 млрд теңге) үлесінде",- деп қорытындылады салық комиететінің басшысы.

Иділет министрі Зағипа Балиева өз кезегінде, 2007 жылдың 6-наурызындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 1 млн 112 мың 672 өтініш келіп түскенін хабарлады. "918 494 жылжымайтын нысан заңдастырылды, олардың ішінде 780 735 нысан - тұрғын үй, 209 759 нысан - тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар",- деп нақтылап өтті министр. Оның мәліметтеріне сүйенсек, заңдастырылған жылжымайтын мүліктің жалпы құны бүгінде 107 млрд 798 млн 329 мың теңгені құраған.

"Аумақтық әділет органдарында бүгінгі күнге дейін 241 764 заңдастырылған нысандар тіркелген",- деп қосты З. Балиева. Сонымен қатар, ол жылжымайтын мүлікті заңдастырудан бюджетке түскен түсім 585 млн 419 мың теңгені құрағандығын хабарлады.

Иділет министрлігінің басшысы, 7-наурызда өткен жалпы отырыста парламенттің төменгі палатасының депутаттары заңдастыру мерзімін 1-тамызға дейін ұзартуды қарастыратын заң жобасын мақұлдағандығын еске сала кетті.

"Мен заң жобасының тек мәжілістен ғана өткендігін, оның әлі сенаттан өтуі қажеттігін ескерте отырып , Елбасының осы мәселе жөнінде шешім қабылдайтындығына назар аударсаңыздар деймін. Сондықтан да әркімнен қарқынды төмендетпеуді және бойды босқа салмауды сұраймын: қолданыстағы заң бойынша заңдастыру 1-сәуірде аяқталады",- деді өз кезегінде премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны