14.07.2015, 12:59 3518

Қазақстандық 1000 әскери қызметші жаӊа пәтерлердіӊ иесі атанады

Ағымдағы жылы жоспарланған тұрғын үй құрылысыныӊ бүгінгі күнге дейін 60% аяқталды. Қазіргі кезде барлық объектілерде ішкі жөндеу жұмыстары мен оған тиесілі аумақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша жарты жылдан кейін ҚР ҚК 1000 әскери қызметшісі және олардыӊ отбасы мүшелері жаӊа пәтерлерге қоныстанбақ

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы жоспарланған тұрғын үй құрылысыныӊ бүгінгі күнге дейін 60% аяқталды. Қазіргі кезде барлық объектілерде ішкі жөндеу жұмыстары мен оған тиесілі аумақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша жарты жылдан кейін ҚР ҚК 1000 әскери қызметшісі және олардыӊ отбасы мүшелері жаӊа пәтерлерге қоныстанбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана, Алматы қалаларында, Гвардейск әскери қалашығында, сондай-ақ Сарыөзек, Б. Момышұлы, Отар және Арнасай ауылдарында жаӊа тұрғын үйлер тұрғызылуда. Атап айтсақ, 1000 тұрғын үйдіӊ жалпы аумағы 70 459, 7 шаршы метрді құрайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Биылғы жылы барлығы 92 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй алаӊын тұрғызу, жөндеу және тапсыру жоспарланып отыр. Оныӊ аясында Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау және Аягөз қалаларында,сондай-ақ Гвардейск, Сарыөзек, Б.Момышұлы, Отар, Арнасай және Ақмол ауылдарындағы 1 320 әскери қызметші қызмет өтеп жүрген орындарында сапалы жай-күймен қамтамасыз етіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны