21.11.2012, 17:53 3173

Қазақстандық әйелдер еңбегінің ІЖӨ үлесі 40% шамасында

"Қазіргі күні 4,5 млн астам әйел ерлермен қатар Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруда, олардың едәуір бөлігі жеке істерімен шұғылданады. ІЖӨ құраудағы әйелдердің үлесі 40% шамасында", - деді Г.Ибдіқалықова III Еуразиялық әйелдер саммитінде сөйлеген сөзінде.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстандық әйелдер еңбегінің ІЖӨ үлесі 40% шамасында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БҰл туралы ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Ибдіқалықова мәлім етті.

"Қазіргі күні 4,5 млн астам әйел ерлермен қатар Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруда, олардың едәуір бөлігі жеке істерімен шұғылданады. ІЖӨ құраудағы әйелдердің үлесі 40% шамасында", - деді Г.Ибдіқалықова III Еуразиялық әйелдер саммитінде сөйлеген сөзінде.

Үстіміздегі жылдың қазан айында дүниежүзілік экономикалық форумның талдаушылыр тобы жариялаған әлем елдеріндегі әйел теңдігі рейтингісі бойынша, Қазақстан 105 елдің арасында 18 сатыға көтеріліп, 31 орынға шыққан.

Ийелдердің мемлекеттің саяси өміріне қатысуы туралы айта келіп, Гүлшара Ибдіқалықова гендерлік статистиканы жариялады.

Оның айтуынша, Парламент Мәжілісіндегі әйелдер саны 1,4 есеге артып, 24% құраған, сондай-ақ атқару органдарындағы басшы әйелдер саны да арта түскен.

Қазір Астане "Қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы әйелдердің жетекшілігі" тақырыбында III Еуразиялық әйелдер саммиті өтуде. Оған республиканың барлық өңірлерінен 350 адам, сондай-ақ Катар, Израиль, Ресей, Белоруссия, Украина, Башқұртстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан делегаттар қатысуда.

Саммит аясында іскерлік және экономикалық дағдыларды дамыту арқылы әйелдер мүмкіндігін кеңейту тақырыбындағы конференция, имидж, жеке тұлға ретіндегі өсу және маркетинг мәселелері бойынша тренингтер, сондай-ақ отандық және шетелдік компаниялардың көрмелері өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны