28.05.2009, 14:00 2537

Қазақстандық альпинист Эверестте қар көшкінінің салдарынан қаза тапқан болуы мүмкін

Қазақстандық альпинист Эверестте қар көшкінінің салдарынан қаза тапқан болуы мүмкін

Алматы. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық альпинист Сергей Самойлов Эверестте қар көшкінінің салдарынан қаза тапқан болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қазақстан Республикасының Альпинизм және тасқа өрмелеушілері федерациясының альпинизм комитетінің өкілі Денис Урубко хабарлады.

"Қазақстандық альпинистер тобы шыңның баурайымен келе жатқан. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, Сергей Самойлов үшінші және төртінші лагерьлердің арасында болған. Оны соңғы рет 7500 метр биіктік шамасынан тірі кезінде көрген. Бұдан кейін оның мәйіті екінші лагерьдің маңынан 6800 метр биіктіктен табылған. Ол жерде лагерьлердің арасы жарлауыт келеді. Соған қарап Сергей қар көшкінінің салдарынан қаза тапқан болар деген жорамал жасауға болады", -деді Д. Урубко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны