12.01.2016, 10:31 3979

Қазақстандық армияны отандық өндірістіӊ арнайы қауіпсіздік тосқауылдарымен қамтамасыз етті

2015 жылы қазақстандық армияныӊ жарақтандырылуына "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тыӊ еншілес кәсіпорны отандық С.М.Киров атындағы машина құрастыру зауытымен шығарылған төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын арнайы қауіпсіздік тосқауылдары келіп түсті

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылы қазақстандық армияныӊ жарақтандырылуына "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тыӊ еншілес кәсіпорны отандық С.М.Киров атындағы машина құрастыру зауытымен шығарылған төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын арнайы қауіпсіздік тосқауылдары келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылы қазақстандық армияныӊ мұқтаждығы үшін зауыт өнімніӊ жаӊа түрі, яғни, төтенше жағдайларға арналған арнайы қауіпсіздік бөгетін игерді. Кәсіпорын тиісті құрастыру және технологиялық құжаттама пакетін әзірледі, өндірісті дайындауды жүзеге асырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеӊберінде 2015 жылдыӊ қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне, яки, ҚР ҚК-ніӊ 68602 әскери бөліміне 2 мыӊ тосқауыл жеткізіліп берілді. Арнайы қауіпсіздік бөгеті бірнеше сегменттен құралған бөлшектелетін жиналмалы торлы құрылымнан тұрады. Оныӊ әрқайсысыныӊ ішінде геометкелден жасалған жапсырма орнатылады.

Тосқауыл әскери іс-қимылдар мен лаӊкестікке қарсы іс-шаралар кезінде фортификациялық құрылыстарды тез арада тұрғызу үшін арналған. Сондай-ақ оны өзендер мен су қоймаларыныӊ жағаларын бекіту үшін қолдануға болады.

Құрылыс -40ИС-тан + 50ИС-қа дейінгі температурада қалыпты және суық климат жағдайында ашық ауда пайдаланылады.

Мұндай арнайы қауіпсіздік тосқауылдары АҚШ, Израиль және Ресей Федерациясыныӊ Қарулы Күштерінде белсенді түрде қолданылып жүргенін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны