28.10.2015, 12:15 3425

Қазақстандық армияныӊ әскерлерін 2000 жаӊадан шақырылған жауынгер толықтырды

2015 жылғы күзгі шақырылым шеӊберінде Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскерлеріне жас толым сарбаздарын жөнелту жалғасуда. Бүгінгі таӊда шамамен 2 000 қазақстандық бір жыл бойы әскери қызмет өткеретін ҚР ҚК-ніӊ әскери бөлімдеріне келіп жетті

Астана. 28 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы күзгі шақырылым шеӊберінде Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскерлеріне жас толым сарбаздарын жөнелту жалғасуда. Бүгінгі таӊда шамамен 2 000 қазақстандық бір жыл бойы әскери қызмет өткеретін ҚР ҚК-ніӊ әскери бөлімдеріне келіп жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҚК-не жаӊадан келген оғландарды жөнелту 19 қазанда басталды. Сол сәттен бастап күн сайын 300-400-ге тарта адам жекелеген әскери командалармен еліміздіӊ түкпір-түкпіріне аттанады. Келесі айдыӊ басында сарбаздарды жөнелту толық аяқталады. Шамамен 7 қарашаға қарай шақырылушылар командасыныӊ соӊғы ағымдағы шақырылуы жоспарлануда.

Жас толымныӊ келуіне орай бөлімдерде мұқият дайындалуда. Теміржол бекеттерінде бозбалаларды оркестрмен және күмбірлеген әуенмен салтанатты түрде күтіп алады. Жақын арада жас толықтыруды "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 11971 әскери бөлімініӊ жеке құрамы қарсы алды. Шақырылушылардыӊ келуіне мұнда барлық жағдай жасалған. Жиын әкімшілігі құрылды, тәжірибелі сардарлар сарбаздарға әскери істіӊ негізін оқытып қана қоймай, олардыӊ жаӊа жағдайға бейімделулеріне көмектеседі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Естеріӊізге сала кетейік, азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қазанда басталды. 2015 жылдыӊ күзінде мерзімді әскери қызметке шақырылуға 18 бен 27 жас аралығындағы кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, 27 жасқа толмаған және шақырылым бойынша әскери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткермеген 12 мыӊнан аса азамат әскерге шақырылуға жатады. Шақырылғандардыӊ жалпы санынан 4000-ға жуығы ҚР Қарулы Күштерініӊ әскерлерінде қызмет ететін болады. Қалғандары ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық ұланы және ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ әскери бөлімдеріне жолданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны