22.09.2015, 11:06 3923

Қазақстандық әскери қызметші парашютшілер Азия және Океания чемпионатыныӊ рекордын орнатты

Қазақстандық әскери қызметшілер ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері спорттық парашюттік командасыныӊ өкілдері Азия чемпионатымен бір уақытта өткізілген Азия мен Океанияныӊ 17-ші чемпионатыныӊ халықаралық сайыстарына және әскери парашюттік спорттан Қытайдыӊ ашық ұлтаралық чемпионатына қатысты

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандық әскери қызметшілер ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері спорттық парашюттік командасыныӊ өкілдері Азия чемпионатымен бір уақытта өткізілген Азия мен Океанияныӊ 17-ші чемпионатыныӊ халықаралық сайыстарына және әскери парашюттік спорттан Қытайдыӊ ашық ұлтаралық чемпионатына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қытай Халық Республикасыныӊ Тайюань қаласында әскери қызметшілер парашюттік спорттан Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық құрама командасыныӊ құрамында өнер көрсетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Парашюттік командасыныӊ бастығы майор Леонид Дудкинніӊ басшылық етуімен Иуе қорғанысы күштерініӊ спорттық парашюттік командасы бұл жарыстарда Қарулы Күштері мен Қазақстан Республикасын жоғары деӊгейде көрсетті.

Сайысқа әлемніӊ 14 елінен жиналған командалар қатысты. Екі додада жарысқа түсті. Ол: классикалық парашютизм - жеке сынақта жерге қону дәлдігіне арналған секірулер және жеке парашюттік акробатика, сондай-ақ күмбезді парашюттік акробатика (4 парашютшініӊ ротациясы).

Қытай мен Азия және Океания ашық ұлтаралық чемпионатыныӊ чемпиондары атағын күмбезді парашюттік акробатика командасы иемденді. Искери қызметші капитан Азамат Ибдірайымов, прапорщик Арсений Тарабаев, старшина Андрей Томилин, Денис Новицкий және ҚР ҚК қызметкері Александр Терентьев бірінші орынды қанжығасына байлап, IMEKS сынағында Қытайдыӊ ашық ұлтаралық чемпионатыныӊ чемпиондары атанды.

Команда бес алтын медальмен, он күміс медаль және екі кубокпен марапатталды.

Аталған чемпионатта ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері Парашюттік дайындық орталығыныӊ жеке құрамы күмбезді парашюттік акробатика (4 парашютшініӊ ротациясы) бойынша Азия және Океания чемпионатыныӊ рекордын орнатты. Қазақстандық парашютшілер "Катари" командасымен жиырма ротация орындады. Осы фигураны орындау кезінде парашютшілер бірініӊ артында бірі орналасып, кезекпен-кезек алмасып, орындарымен ауысады. Ротациядағы жарыстар кезінде 4 парашютші мен әуе операторынан құралған командалар қатысады. Берілген уақыт шеӊберінде жарыстыӊ барлық айналымы аяқталғаннан кейін ротацияныӊ барынша санын орындаған команда жеӊіске жетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны