13.08.2015, 18:45 3811

Қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясында өтетін "Өзара іс-қимыл-2015" оқу-жаттығуына жөнетіледі

Биыл тамыздыӊ 24-і мен 28-і аралығында қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясыныӊ Псков қаласында өтетін әскери контигенттер мен ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерініӊ мен арнайы мақсаттағы күштік құралымдарымен "Өзара іс-қимыл-2015" бірлескен оқу-жаттығуына қатысатын болады. ҚР Қарулы Күштерініӊ атынан ҰҚШҰ ЖДҰК құрамындағы Аэроұтқыр әскерлерініӊ РХБҚ жеке батальоны қатысатын болады

Астана. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - Биыл тамыздыӊ 24-і мен 28-і аралығында қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясыныӊ Псков қаласында өтетін әскери контигенттер мен ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерініӊ мен арнайы мақсаттағы күштік құралымдарымен "Өзара іс-қимыл-2015" бірлескен оқу-жаттығуына қатысатын болады. ҚР Қарулы Күштерініӊ атынан ҰҚШҰ ЖДҰК құрамындағы Аэроұтқыр әскерлерініӊ РХБҚ жеке батальоны қатысатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

41495 әскери бөлімі Қапшағайдан Псковке кететін техникаларды тиеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар "Өзара іс-қимыл" оқу-жаттығуына 20-дан астам РХБҚ арнайы техника, сондай-ақ 70-ке жуық әскери қызметші тартылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Оқу-жаттығуға қатысушылар арасында Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанныӊ әскери қызметшілері бар.

Оқу-жаттығу үш кезеӊнен тұрады, атап айтсақ, дайындық кезеӊі - ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерін жоғарғы әскери даярлыққа келтіру кезіндегі бөлімшелердіӊ іс-қимылы, ҰҚШҰ мүше мемлекеттерді шоғырландыру ауданына қайта топтау. Бірінші кезеӊ - бірлескен операцияны ұйымдастыру. Бұл кезеӊде қатысушылар ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерініӊ бірлескен операцияларына қатысты шешім қабылдауды, бірлескен операцияларды жоспарлауды және өзара іс-қимылды ұйымдастыруды, оны жан-жақты қамтамасыз етуді және іс-қимыл барысын басқаруды, ҰҚШҰ ЖДҰК контигенттерін бірлескен операцияларға даярлауды пысықтайды. Екінші кезеӊде қарулы қақтығысты таратпау мақсатында ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерініӊ контигенттерін басқаруды пысықтайды. Қарулы қақтығыстар өткен аудандарды шектеуге және тұрақты емес қарулы құралымдарды жоюға, жауапты аумақтардағы маӊызды объектілерді күзетке алуға, жедел-іздестіру және арнайы іс-қимылдар ерекше назарға алынады. Сонымен қатар теміржол транспорттарыныӊ төтенше жағдайларын болдырмау, жерлерге радиациялық және химиялық барлау жасау, зардап шеккендер мен жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы арнайы өӊдеу іс-қимылын пысықтайды. Былтырғы жылы бұл оқу-жаттығу Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығында өткенін айта кеткен жөн. Оқу-жаттығу барысында әскери контигенттер мен ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштері арнайы мақсаттағы күштік құралымдарын ұжымдық қауіпсіздік аумағында қолдану барысы пысықталған боалтын. Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан оқу-жаттығуға әскери контигенттер, жедел топтар және арнайы мақсаттағы күштік құрылымдардан жалпы саны 3000-ға жуық адам тартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны