14.09.2015, 12:21 3998

Қазақстандық әскери міндеттілерді даярлау қызу жүргізілуде

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерініӊ бөлімдерінде Қапшағайда, Қарағандыда, Семей мен Отарда, сондай-ақ Қарағанды, Семей, Алматы, Тараз және Шымкен гарнизондарыныӊ әскери полиция жасақтарыныӊ базасында әскери міндеттілермен әскери жиын қызу жүріп жатыр

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерініӊ бөлімдерінде Қапшағайда, Қарағандыда, Семей мен Отарда, сондай-ақ Қарағанды, Семей, Алматы, Тараз және Шымкен гарнизондарыныӊ әскери полиция жасақтарыныӊ базасында әскери міндеттілермен әскери жиын қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда оқып-үйренуге бұдан бұрын Қарулы Күштерде әскери қызмет өткерген және запастағы офицерлер, сержанттар және сарбаздар болып табылатын 1 230 адам келді. Барлығы 28 қазанға дейін әскери-оқытылған резервтіӊ бағдарламалары бойынша 1 500 адамды дайындау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жиын бағдарламасы 2 аптаға есептелінген. Искери міндеттілер әскери қызметшілердіӊ басшылық етуімен жауынгерлік даярлық пен әскери істіӊ ерекшеліктерін, қару-жарақ пен техниканы игереді. Сонымен қатар тылдық және техникалық қамтамасыз етудіӊ жекелеген әскери мамандықтары, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша дайындық жүргізілуде.

Искери міндеттілермен әскери жиындар әскери-оқытылған резерв санынан азаматтардан қажет етілетін әскери дайындық деӊгейін ұстап тұру үшін жиі ұйымдастырылады.

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментініӊ мәліметтері бойынша 2012 жылы жиынға 5 000 әскери міндетті тартылды, 2013 жылы 8 000 адам оқып-үйренуден өтті.

Қатысушылардыӊ 80 пайызыныӊ тұрақты жұмысы бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан оларды жиынға тарта отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі айлық еӊбекақысыныӊ жарты бөлігін төлейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны