27.01.2015, 20:35 3826

Қазақстандық әскери теӊізшілер тұӊғыш рет халықаралық теӊіз биатлонына қатысады

Каспий маӊы мемлекеттері әскери-теӊіз күштерініӊ тұӊғыш халықаралық жарысын ағымдағы жылдыӊ маусым-шілде айларында өткізу жоспарлануда. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Изербайжан және Түркменстан теӊіс жаяу әскерлері бөлімшелерініӊ жеке құрамы мен су үсті кеме экипаждары қатысады

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Каспий маӊы мемлекеттері әскери-теӊіз күштерініӊ тұӊғыш халықаралық жарысын ағымдағы жылдыӊ маусым-шілде айларында өткізу жоспарлануда. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Изербайжан және Түркменстан теӊіс жаяу әскерлері бөлімшелерініӊ жеке құрамы мен су үсті кеме экипаждары қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жарыс үш кезеӊнен тұрады. Біріншісі - "Каспий дербиі". Теӊіз жаяу әскерлері бөлімшелерініӊ әскери қызметшілері берілген маршрутты барынша аз уақыт ішінде өтіп, теӊіз бен жағалаудағы нысаналарға атып тигізулері керек. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Каспий кубогы" атты екінші кезеӊге төрт мемлекеттіӊ су үсті кеме экипаждары қатысады. Олар берілген маршрут бойынша айналып шығып, теӊіз және әуе нысаналарын, суда жүзетін минаны зақымдаубойынша жауынгерлік жаттығуларын орындайды. Содан соӊ, кемені якорь тұрағына қойып, якорь тастап, жалауларды пайдалана отырып белгі беру және қабылдауды жүзеге асырады. Содан соӊ жарысқа қатысушыларға "апатқа ұшыраған" кеменіӊ координаттары беріледі. Экипаж оқиға болған жерге жетіп, кеме жолаушыларын құтқару және бортқа көтеру әрекеттерін жасайды.

Үшінші кезеӊ - "Спорттық" деп аталады. Бұл кезеӊ әскери қызметшілердіӊ дене даярлығы деӊгейлерін тексеруге бағытталған. Теӊіз жаяу әскері бөлімшелерініӊ жеке құрамы мен су үсті кемесініӊ экипажы еркін стильде 100 м жүзу, гирь көтеру, бөлімше құрамында 5 км-ге жүгіру, арқан тартысу сияқты нормативтерді тапсыруы керек.

Үш кезеӊніӊ қорытындысы бойынша еӊ үздік экипаждар медальдармен марапатталып, командалық есептегі жеӊімпаздар бірінші орын кубогына ие болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны