02.06.2016, 18:35 3467

Қазақстандық Искери-әуе күштерініӊ ұшқыштары "KADEX" көрмесініӊ қонақтарына шеберліктерін көрсетті

Дәстүрлі "KADEX" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі әркез сайын қонақтар мен қатысушыларды таӊғалдыруда. Бүгін көрме жұмысыныӊ алғашқы күнінде әртүрлі елдердіӊ қорғаныс ведомстволары басшыларыныӊ арасындағы кездесулер мен келіссөздерден кейін қонақтар мен қатысушыларға нағыз авиашоу көрсетілді

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - Дәстүрлі "KADEX" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі әркез сайын қонақтар мен қатысушыларды таӊғалдыруда. Бүгін көрме жұмысыныӊ алғашқы күнінде әртүрлі елдердіӊ қорғаныс ведомстволары басшыларыныӊ арасындағы кездесулер мен келіссөздерден кейін қонақтар мен қатысушыларға нағыз авиашоу көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Қарулы Күштері авиациялық техникасыныӊ демонстрациялық көрсетілімдері басталды. Илемдегі еӊ салмақты екі қозғалтқышы бар тікұшақ болып табылатын, сондай-ақ авиация тарихындағы салмақты тікұшақтардыӊ тізіміне кіретін Ми-8 әскери жаӊғыртылған тікұшақ өзініӊ жауынгерлік қасиеттерін паш етті. Сонымен қатар, көк аспанда тарихи бояуы бар Як-130 оқу-жауынгерлік ұшағын байқамау мүмкін емес болды. Бұл машина көп функционалды, онда ҚР Қарулы Күштері әуе авиациясыныӊ ұшқыштарын дайындайды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

KADEX-2016 көрмесіндегі авиашоуға қатысып жатқан техника қазақстандық өндірістіӊ авиациялық керосинінде аспанға көтерілетінін айта кетейік. Пилотаж топтарыныӊ қатысуымен авиашоуды қамтамасыз ету үшін Қазақстанныӊ мұнай өндіру зауытымен барлығы 405 тонна авиаотын және 670 келі арнайы сұйықтық жеткізіледі.

"KADEX" көрмесіне мұндай демеушілік қолдауды алғаш рет авиаотынмен қамтамасыз ету саласындағы мамандандырылған отандық компания "ҚазМұнайгАЗ-Аэро" ЖШС көрсетіп отыр. Барлық өнім көрме қатысушыларына ақысыз негізде ұсынылады.

"KADEX-2016" көрмесі аясында авиашоудыӊ өткізілуіне байланысты халықаралық әуежайда ұшулардыӊ уақыттық режімі енгізілді. Ұшулар келісіліп, үйлестірілуде, ал әуежай әдеттегі күн тәртіп бойынша жұмыс жасап тұр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны