11.08.2015, 11:34 3078

Қазақстандық ИТК жауынгерлік кораблі теӊіз биатлонында екінші орынды қанжығасына байлады

Каспий теӊізініӊ су айдынында "Каспий теӊізі - 2015" алғашқы халықаралық теӊіз дағдысы байқауы мәре сызығына келіп жетті. "Сарыарқа" қазақстандық зымыран-артиллериялық кораблініӊ экипажы сайыста екінші орын алды. Бірінші орында "Град Свияжск" шағын артиллериялық корабліндегі Ресей ИТК әскери теӊізшілері, үшінші орынды Изірбайжан ИТК "G-124" суүсті кораблініӊ экипажы місе тұтты

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Каспий теӊізініӊ су айдынында "Каспий теӊізі - 2015" алғашқы халықаралық теӊіз дағдысы байқауы мәре сызығына келіп жетті. "Сарыарқа" қазақстандық зымыран-артиллериялық кораблініӊ экипажы сайыста екінші орын алды. Бірінші орында "Град Свияжск" шағын артиллериялық корабліндегі Ресей ИТК әскери теӊізшілері, үшінші орынды Изірбайжан ИТК "G-124" суүсті кораблініӊ экипажы місе тұтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеребеге сәйкес біздіӊ командамызға байқаудыӊ әрбір сынағын бастау күрделі тапсырмасы бұйырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алайда, бірінші болып өнер көрсетіп, теӊізшілеріміз қалған командаларға жақсы деӊгей және қарқын берді және сайыс бойы көшбасшылық позициялардыӊ бірін ұстап тұрды.

Олар корабльді басқару, халықаралық жүйеге сәйкес жарық беру белгілерін қабылдау және тарату, әуе, теӊіз және суүсті нысаналары бойынша оқ ату, апатқа ұшыраған корабльді және борттыӊ ар жағында қалып қойған жолаушыларды құтқаруда шеберліктерін көрсетті.

Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ теӊізшілері олардыӊ алғашқы тәжірибесі халықаралық сайысында сәтті өнер көрсетіп, өздерініӊ жауынгерлік әзірлігін растады.

13 тамызда "Каспий теӊізі - 2015" байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтетінін айта кетейік. Ал одан кейін корабльдеріміз теӊізге шығып, қазақстандық жағалауға жөнелтілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны