07.07.2015, 11:26 3808

Қазақстандық барлаушылар үздік атанды

"Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Алтын үкі - 2015" арнайы мақсаттағы барлау топтарыныӊ сегізінші халықаралық жарысы аяқталды. Белорусь, Қытай, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Қазақстан елдерінен келген барлаушыларбес күн бойы арнайы мақсаттағы таӊдаулы бөлімшелердіӊ іс-қимыл машықтарын көрсетті

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Алтын үкі - 2015" арнайы мақсаттағы барлау топтарыныӊ сегізінші халықаралық жарысы аяқталды. Белорусь, Қытай, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Қазақстан елдерінен келген барлаушыларбес күн бойы арнайы мақсаттағы таӊдаулы бөлімшелердіӊ іс-қимыл машықтарын көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қатысушылар ондаған шақырым жерден өту, күндізгі және түнгі уақытта ауыса отырып қолайсыз жағдайда түрлі нысаналарды ату, медициналық және тау даярлығы, кедергі сызықтарын игеру, 30 шақырымға шеру жасау, шым-шытырық қиылысқан жерлерді бағдарлау, жасанды қопарғыш мина ісі және басқа да арнайы іс-шаралардыорындады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қажырлы және қызу күресте қатысушылар өздерініӊ әлсіз және пәрменді тұстарын айқындап қана қоймай, сонымен қоса арнайы операцияларды, арнайы мақсаттағы барлау топтарыныӊ жауынгерлік әдістемелік даярлығынжүргізуде тәжірибе алмасып, достар тапты.

"Меніӊ ойымша біздіӊ топ еӊ тәжірибелі топ. Олартұтастай Таяу Шығыстағы және Ауғаныстандағы операцияларға қатысты. Біз үшін еӊ күрделісі тактика болатын. Даярлық бізде мүлде басқаша екен. Дегенмен сайыс мақсатытәжірибе алмасу болып отыр. Сондықтан да біз бұл жерде көп достар таптық" - деп АҚШ "Жасыл береттер" тобындағы жауынгерлерініӊ бірі Майкл Браун атап өтті.

Сайыстыӊ қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігініӊ басшылығы жеӊімпаздарға жүлделер мен сыйлықтар табыс етті. "Алтын үкі - 2015" сайысыныӊ алтын кубогын Қазақстандық арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеӊіп алды, күміс жүлде - Күн асты елініӊ жауынгерлеріне бұйырды. Сонымен қатар қытайлық әскери қызметшілер "Үздік мерген жұп" номинациясы бойынша жеӊіске жетті. Үшінші орынды екі топ иеленді, олар - Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасыныӊ десантшылары. "Жеӊіске деген жігерлігі үшін" грамотасымен жаралы аяғымен соқпақ жолдан өткен белорустық әскери қызметшісі наградталды. Ал американдық "Жасыл береттер" тобы "Үздік қопарғыштар" номинациясын жеӊіп алып, топ бойынша "Жеӊіске деген жігерлігі үшін" грамотасын иеленді. Олар жасанды қопарғыш минаісі және 10 шақырымдық шеру жасау бойынша кезеӊдердіӊ бірінде өз шеберліктері мен жеӊіске деген құлшынысын көрсетті.

Қатысушылардыӊ көзқарасы бойынша жарыс айтарлықтай күрделі болды. Ир кезеӊ шыдамдылықтыӊ, күштіӊ, топпен сапалы жұмыс жасаудыӊ жоғары деӊгейін және әр қатысушыныӊ бабындағы даярлығын талап етті. Ир команда үшін ауа-райыерекше маӊызды саналды. Қапырық күн және құрғақ климат тіпті еӊ тәжірибелі және мықты деген арнайы мақсаттағылардыӊ жоспарына бірнеше мәрте кедергі болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны