08.05.2018, 22:01 4079

Қазақстандық дебюттік картина Германияда өтетін кинофестивалініӊ негізгі конкурстық бағдарламасына іріктеп алынды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қарасты "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігінде түсірілген "Хат" фильмі Германияда мамыр айыныӊ 3-і мен 8-і аралығында өтетін 64-ші халықаралық "Оберхаузен" қысқаметражды фильмдер кинофестивалініӊ (Internationale Kurzfilmtage Oberhausen) негізгі конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынды.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қарасты "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігінде түсірілген "Хат" фильмі Германияда мамыр айыныӊ 3-і мен 8-і аралығында өтетін 64-ші халықаралық "Оберхаузен" қысқаметражды фильмдер кинофестивалініӊ (Internationale Kurzfilmtage Oberhausen) негізгі конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынды.

Жас режиссер Иділ Мұсатаев түсірген дебюттік картина анасына хат жазуды армандап жүрген балалар үйініӊ тәрбиеленушісі туралы баяндайды.

- Фильмдегі оқиға шынайы өмірден алынған. Бұл оқиға Өскемен қаласындағы балалар үйінде болған екен. Осы оқиғаны танысымнан ести сала, дайын драматургияныӊ бар екенін аӊғарып, оны кино тіліне салып көрмек болдым. Осындай белді кинофестивальде фильмніӊ тұсауы кесілетініне өте қуаныштымын,- деді режиссер Иділ Мұсатаев.

"Оберхаузен" кинофестивалініӊ ресми сайтыныӊ мәліметі бойынша, биыл фестивальдіӊ негізгі халықаралық байқауына 33 елден 53 қысқаметражды фильмдер көрсетіледі. Олардыӊ арасында АҚШ, Қытай, Мысыр, Аргентина, Бразилия, Үндістан, Франция, Жапония, Ресей, Қазақстан, Финляндия және тағы да басқа елдерден фильмдер бар. Жалпы осы байқауға 6000-ға жуық фильмдер тапсырыс түскен.

Алпыс жылдық тарихы бар "Оберхаузен" халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалі қысқа метрлі фильмдерге арналған еӊ ірі байқаулардыӊ бірі (1954 жылдан бері өткізіліп келеді). Илемде өтіп жатқан қысқа метражды фильмдерге арналған бұл байқау күллі әлемнен келген киногерлерге кино төӊірегінде әӊгіме құрып, оны талқылауға, жаӊа трендтер мен есімдерді ашуға кеӊ мүмкіндік беретін бірден бір фестиваль. Дәл осы фестиваль арқылы Мартин Скорсезе, Джордж Лукас, Роман Полански сынды басқа да кино майталмандардыӊ жұлдызы жанған екен.

"Хат"

Сценарий авторы және режиссері:Иділ Мұсатаев

Қоюшы операторы: Ақылбек Ибдірахманов

Қоюшы суретшісі: Ратмир Назаров

Дыбысын жазған: Илья Коробейников

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны