08.11.2018, 17:29 4754

Қазақстандық делегация Екінші Дүниежүзілік жастар форумына қатысты

Бұл күндері Египет Араб Республикасыныӊ президенті Абдель Фаттах Ас-Сисидіӊ қолдауымен Мысырдыӊ Шармэль-Шейх қаласында жыл сайынғы Дүниежүзілік жастар форумы өтуде.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - Бұл күндері Египет Араб Республикасыныӊ президенті Абдель Фаттах Ас-Сисидіӊ қолдауымен Мысырдыӊ Шармэль-Шейх қаласында жыл сайынғы Дүниежүзілік жастар форумы өтуде.

Аталған іс-шараға әлемніӊ 146 елінен 5 мыӊнан астам жастар қатысуда. Форумныӊ құрметті қонақтарыныӊ арасындаПалестина Президенті, Бахрейнніӊ мұрагер ханзадасы, белгілі саясаткер және қоғам қайраткері Н.Манделаныӊ немересі және түрліелдердіӊ үкімет мүшелері және министрліктерініӊ басшылары бар. Форумға Қазақстандық делегацияны Қоғамдық даму Вице-министрі Берік Арын бастап барды.

Форумныӊ ашылуында Египет президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси құттықтау сөз сөйледі. Ол Дүниежүзілік жастар форумы әлемніӊ түкпір-түкпірінен келген жастарға заманауи әлемніӊ көкейкесті мәселелерін, білім беру, ғылым және технология саласындағы жастар бағдарламаларын іске асыру перспективаларын талқылауға, әлемніӊ түрлі мемлекеттерініӊ жастар саясатыныӊ табысты тәжірибесін таныстыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Б. Арын Форумныӊ "Бейбітшілікті құрудағы және қолдаудағы әлемдік көшбасшылардыӊ рөлі" тақырыбындағы бірінші панельдік сессияда сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтыӊ әлемдік бейбітшілік пен келісімді құрудағы қосқан үлесін ерекшеатап өтті. Атап айтқанда, Вице-министр қатысушыларды Қазақстан Президентініӊ Семей ядролық сынақ полигонын ерікті түрде жабу, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеӊесін құру мен Терроризмге қарсы тұру мен бейбітшілікке қолжеткізу бағытындағы мінез-құлық кодексіне қол қою, "Илем. XXI ғасыр" манифесті мен өзге де бастамалары Форум қатысушыларына егжей-тегжей таныстырды.

Сондай-ақ, Вице-министр өркениетаралық және дінаралық келісімніӊ әлемдік диалог трибунасынасына айналған - Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін шақыру жөніндегі Елбасы Н. Назарбаевтыӊ бастамасы туралы да айтып, Еуразия жүрегі Астанада 2003 жылы өткен бірінші Съезден бастап, тарихи қысқа мерзім ішінде аталған шараныӊ әлемдік деӊгейдегі бейбіт халықаралық қатынастарды қалыптастырушы механизмге айналғанын атап өтті.Атқарылған жұмыста Египет басшылығыныӊ тұрақты қолдауы үшін ризашылық білдіріліп, а. ж. 10-11 қазанда өткен "Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін" VI Съезд жұмысына белсенді қатысқаны үшін әл-Азхардыӊ Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебке алғыс айтты.

Шара аясында Қазақстан делегациясыныӊ басшысы Египет Президентімен, Египет Араб Республикасыныӊ Жастар және спорт, Сыртқы істері, Инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрлерімен, Кения Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері, Жастар және гендерлік мәселелер жөніндегі министрі Маргарет Кобиямен, сондай-ақ форумға қатысушы мемлекеттердіӊ өкілдерімен кездесулер өткізіп, екіжақты байланыстарды дамыту жолдарын талқылады. Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша тәжірибесі алмасылды. Іс-шара жұмысына қазақстандық жастар да белсене қатысып, өз жобаларын әлемніӊ түкпір-түкпірінен келген форум қатысушыларына таныстырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны