19.06.2015, 20:32 3892

Қазақстандық десантшылар парашютпен секірудіӊ экстремальді түрінен даярлықты бастады

Ағымдағы жылдыӊ шілде айында ҚР ҚК Аэромобильді әскеркелері құрылымдарыныӊ жауынгерлері Қапшағай су қоймасында суға парашютпен секіру жаттығуын өткізеді

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ шілде айында ҚР ҚК Аэромобильді әскеркелері құрылымдарыныӊ жауынгерлері Қапшағай су қоймасында суға парашютпен секіру жаттығуын өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Суға парашютпен секіру жаттығудыӊ еерекше түрі саналады. Оған парашютпен секіруден 10 жылдан кем емес тәжірибесі бар және жүзе алатын, құтқару құралдарын басқара алатын жеке құрам әскерлері тартылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Шара аясында ҚР ҚК Аэромобильді әскерлерініӊ 200 жауынгері парашютпен секіретін болады. Осымен үшінші жыл қатарынан өтіп отырған жаттығулардыӊ негізгі ерекшелігі парашютшілер құрғаққа қонудағы ережені сақтай отырып, алдын ала суға түсуге дайындалуы қажет. Яғни, қосалқы парашютті шешу, құтқару жилетін үрлеу, ілгіш жүйесін ағыту және суға екі метр қалғанда секіріп, парашютқа қарай жүзуді орындауы қажет.

Парашютпен секіруді орындау - ҚР ҚК Аэромобильді әскерлері жауынгерлерініӊ әскери дайындығыныӊ негізі саналады.

Айта кетейік, жыл басынан бері қазақстандық десантшылар 2000 секіруді орындаса, оныӊ теӊ жартысы түнгі уақытта жүргізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны