09.06.2015, 15:49 3847

Қазақстандық дипломаттар А.Тәжаяқов және Д.Қадырбаевпен кездесті

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Ибибуллаев әлеуметтік желідегі өз аккаунтына жазды

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Елшілігініӊ өкілі Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовтыӊ қал-жағдайларын білуге түрмеге барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Ибибуллаев әлеуметтік желідегі өз аккаунтына жазды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Белгілі болғандай, 5 маусымда америкалық сот Азамат Тәжаяқовты тергеуге кедергі келтіргені және сол мақсатта сөз байласқаны үшін айыпты деп танып, 42 айға (3,5 жыл) бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оныӊ 25 айын ол тергеу мен сот үрдісі уақытында өтеген болатын. Үлгілі тәртібі үшін оныӊ жазасын өтеу мерзімініӊ 15 пайызы (тағы 6 ай мерзімі) жалпы мерзімнен қосымша қысқартылуы мүмкін", - делінген А.Ибибуллаев хабарламасында.

Д.Қадырбаевтыӊ жағдайы тәрізді, оныӊ да әрі қарай жазасын өтеу орны әзірге белгісіз.

А.Тәжаяқовтыӊ адвокаттары америкалық 4 түрме бойынша ұсынымды қарау туралы Д. Қадырбаевтыӊ қорғау петициясына қосылады.

Изірге Қазақстан мен АҚШ арасында сотталған тұлғаларды қайтару туралы келісімшарттық-құқықтық база жоқ.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 15 сәуірде халықаралық марафон кезінде Бостонда екі жарылыс болды. Лаӊкестік актініӊ салдарынан үш адам қаза болды, тағы 260 адам әртүрлі жарақат алды. Бірнеше күн өткеннен кейін оны жасауға күдіктелген Тамерлан Царнаев полицейлермен атыста оққа ұшты. Джохар Царнаев бой тасалады, бірақ та кейінірек ол ұсталды. Лаӊкестік акті жасаудан басқа ол полицейді өлтіруге де айыпталды.

ФББ мәліметтері бойынша, Тәжаяқов пен Қадырбаев өздерініӊ жолдастары Джохар Царнаевтыӊ бөлмесіндегі айғақтарды жоюға тырысты. Олардыӊ қоқысқа тастаған айғақтарын кейіннен АҚШ арнайы қызметініӊ қызметкерлері тапты. Қазақстанныӊ қос азаматы Царнаевпен Массачусетстегі университеттен таныс болған. Бұдан бұрын ФББ жарылыс қондырғысын әзірлеу үшін пайдаланылған құралдарды бөлмеден қалай шығарғаны туралы олардыӊ айғақтарын жариялаған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны