12.05.2010, 10:14 2339

Қазақстандық е-үкімет үшінші интерактивті кезеңді іске асыруда

Қазақстандық е-үкімет үшінші интерактивті кезеңді іске асыруда

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандық е-үкімет үшінші интерактивті кезеңді іске асыруда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев бастаған Қазақстан делегациясы БӨЫ Байланыс әкімшілігі басшылары кеңесінің 42-ші мәжілісіне және ақпараттандыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 15-ші мәжілісіне қатысқан кезде мәлім етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық үлгілерінің және әдістерінің мәселелері, Халықаралық электрлік байланыс одағының өзара іс-қимыл жолдары талқыланып, мемлекеттік қызметтердің ақпараттық технологиялары мен жүйесін дамыту, БӨЫ ішкі қызметі және басқа да мәселелер қарастырылды.

Іс-шара шеңберінде Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев "қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ақпаркоммуникациялық саласының дамыту тетіктеріне, жағдай жасауға көмек беретін салалық бағдарлама әзірленіп жатқандығын" хабарлады.

Аталмыш шара барысында мәжіліске қатысушылар мемлекеттік секторды ақпараттандыру ісіндегі жетістіктерімен бөлісті.

Қазақстанға келер болсақ "электрондық үкіметке" дайындық деңгейі бойынша, 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда еліміз 35 деңгейге көтеріліп (81-ші орыннан 46 орынға), электрондық қызметтер индексімен салыстырғанда 95 орыннан 24 орынға ие болды. Қазақстандық е-үкімет үшінші интерактивті кезеңді іске асыру барысында, сонымен қатар, транзакциялық кезеңнің элементтері әзірленіп, мақұлдануда.

"Зерде"ҰАКХ" АҚ "электрондық үкіметті" дамыту және мониторинг жүргізу жөніндегі басқарушы директор Илтайыр Уызбаев мырзаның мәлімдеуінше, Қазақстандық "электрондық үкімет" порталында 37 электрондық сервисті пайдаланып, 22 интерактивті қызметті алуға болады. Сонымен бірге, оларды алу бойынша үдерістерді жеңілдету жұмыстары жүргізілуде. Ал, электрондық шлюздің көмегімен портал 4 коммерциялық банкпен ықпалдастырылған. Бүгінгі күнге дейін, азаматтар мен бизнес үшін 150 000 астам ЭЦҚ беріліп, мемлекеттік органдарға рұқсат етілген құжаттарды беру үдерісін электрондық қалыпқа өткізуге мүмкіндік беретін "Е-лицензиялау" АЖ енгізілуде.

Көршілес Ресей мемлекетінің электрондық үкіметі, "электрондық үкіметті" дамыту әлемдік тәжрибесінің бөлімдеріне сәйкес, бүгінгі күні, бес деңгейдің екіншісіне сәйкес келеді. Қазіргі таңда, үшінші (интерактивті) және төртінші (транзакциялық) кезеңдерін іске асыру бойынша технологиялық мүмкіндіктері қарастырылуда.

Мәселен, қазіргі таңда, Изербайжан Республикасында мемлекеттік тізілім, халықтың, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, нормативтік актілердің тізілімі енді ғана қалыптастырылуда. Ал, Арменияда ифрақұрылымның қызметтік сәйкестігіне, авторлық құқықты қорғау, қауіпсіздікті электрондық басқару стандарты қабылдануда, сондай-ақ, бағдарламалар мен техникалық сипаттамалар таңдалуда. Беларусь мемлекеті болса, 2007-2009 жылдары басталған ұйымдар мен азаматтарға электрондық қызметтерді көрсету мемлекеттік жүйесі үшін жиынтығы қажетті, АКТ ақпарқұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмыстарды 2015 жылға дейін аяқтауды жоспарлауда.

Кеңестің 42-ші мәжілісінің күн тәртібіне пошта байланысын дамыту мәселелері талқыға салынды. Мәжіліс барысында "Еуропа және ТМД үшін поштаны дамытудың өңірлік жоспары" тақырыбында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Дәурен Молдағалиев мырза баяндама жасады. Сондай ақ, "Қазпошта" АҚ басшысы "Қазіргі таңда пошта төлемдерінің қызметін дамыту және нығайту жөніндегі Стратегиялық өңірлік жобаның әзірленіп, қабылдануы жоспарлануда", деп хабарлады.

Бұл жоба осы жылғы тамыз айында Молдованың Кишинев қаласында ашылады деп жоспарлануда. Сол жерде, тұтынушылардың мүдделері бойынша пошта қызметі рыногын зерделеу жөніндегі семинар өткізілуі белгіленген.

Кездесу соңында Үйлестіруші кеңес электрондық мемлекеттік басқару мәселелері туралы ақпараттарды тыңдап, талқылап, БӨЫ елдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды мақұлдады, сонымен қатар, "электрондық үкімет" технологияларын әзірлеу және пайдалану мәселелері жөніндегі БӨЫ қатысушы елдердің өзара тәжрибе алмасуларын одан әрі жалғастырған жөн деп тапты.

Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық (БӨЫ) 1991 жылдың желтоқсан айында құрылған және электрлік және пошта саласындағы ТМД елдерін мемлекетаралық үйлестіруші орган болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны