15.12.2006, 09:28 3494

Қазақстандық ғалымдар құс тұмауына қарсы тұңғыш ауылшаруашылық вакцинасын ойлап тапты. /толықтырылған нұсқа/

АСТАНА. 15 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстандық ғалымдар құс тұмауына қарсы тұңғыш ауылшаруашылық вакцинасын ойлап тапты. Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында білім және ғылым министрі Бірғаным Ийтімова хабарлады.

Өзінің иммунобиологиялық сипаттамасы жағынан Қазақстанда жасалған вакцинаның түрі шет елдік ғалымдар ойлап тапқан дәрілерден қалыспайды",-деп санайды министр. Оның айтуынша, қазіргі кезде вакцинаның ғалымдар "Қазақстан-15" деп атаған сынақ түрі қолда бар. Ол ҚР ауылшаруашылық министрлігінің мал дәрігерлік департаментінде тіркеуден өтті.

Өз кезегінде Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры Сейдіғаппар Мамадалиев отандық вакцинаның шетелдік түрлерінен айырмашылығы оның Павлодар обысында табылған жоғары патогенді Н5N1 вирусына негізделген. Осы орайда институт директоры өткен жылдың шілде айында ҒЗИ мамандары құс тұмауының отандық ерекшелігін анықтаған. Бұл Павлодар облысында жиналған биологиялық материалдар негізінде жасалды.

"Біз вакцинаға халықаралық сертификат толтыруға әлі ерте деп білеміз. Дегенмен егер келесі жылға дейін дәлелдеріміз көбейе түссе, онда міндетті түрде сертификат алуға кірісеміз",-деп атап өті ол.

Мамадалиевтің айтуынша, казақстандық вакцинаның құны оны өндіріске қойғаннан кейін өзінің шетелдік бәсекелестеріне қарағанда әлдеқайда төмен болмақ. Қазіргі кезде ресейлік осындай вакцинаның бағасы 20 теңге болады.

Ол ендігі жылы вакцина өндірісі қызу жүреді деген үмітте. "Менің ойымша, егер бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы біз вакцина өндіруді жолға қоямыз. Алайда бұл үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жағынан үлкен тапсырыс қажет,-деді Мамадалиев.

ҒЗИ директоры болашақта вакцинаны шет елдерге шығару ойы бар екендігін жасырмады. "Вакцинаны жасау барысында біз оны Орта Азия, Ауғанстан, тіпті одан басқа да елдер қолданады деп жоспарладық.

Дәріні ойлап шығаруға бізге жарты жылдан да аз уақыт қажет болды, алайда сарапшылардың айтуынша, ойлап табу, тәжірибеден өткізу, оны тіркеу және ғылыми-техникалық құжаттандыру үшін орташа есеппен екі жыл қажет деп санайды. "Біз жаңалық аштық деп санамаймыз. Дегенмен, ғылыми жетістік деп ауыз толтыра айтуға тұрарлық іс,-деді "Ұлттық биотехнология орталығының" директоры Ерлан Раманқұлов.

Оның айтуынша, болашақта Қазақстанда адамға арналған құс тұмауына қарсы вакцина ойлап табу жолдары да мүмкін. "Егер мемлекеттен тапсырыс болса, вакцинаны адамға да жасап шығара аламыз. Алайда мұндай жұмыстарға күрделі қаражат қажет. Сондықтан үлкен тапсырыс болғаны абзал,-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны