20.12.2017, 22:33 4070

Қазақстандық ғалымныӊ кітабы АҚШ-та жарыққа шықты

АҚШ-та геодезия құралдары мен технологиялары туралы "Surveying Instruments and Technology" (written by Leonid Nadolinets, Eugene Levin and Daulet Akhmedov)* атты жаӊа кітап жарық көрді.

Астана. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - АҚШ-та геодезия құралдары мен технологиялары туралы "Surveying Instruments and Technology" (written by Leonid Nadolinets, Eugene Levin and Daulet Akhmedov)* атты жаӊа кітап жарық көрді. Кітап авторларыныӊ бірі - танымал қазақстандық ғалым, техникалық ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасыныӊ Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін жасау бойынша жұмыстарына басшылық еткен Ахмедов Дәулет Шафиғұллаұлы.

Дәулет Шафиғұллаұлы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті "Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы" АҚ Ғарыштық техника мен технологиялар институтыныӊ директоры лауазымында қызмет атқаруда. Ол әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты болып табылады.

Геодезия еӊ ежелгі мамандықтардыӊ бірі болып табылады. Соӊғы жылдары геодезиялық жұмыстардыӊ бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінде оптикалық, механикалық, электрондық, аэроғарыштық, сенсорлық және ақпараттық технологиялар салаларындағы әзірлемелерге байланысты елеулі өзгерістер орын алды.

Геодезиялық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сипаттайтын бар кітаптар біршама жыл бұрын жарияланды және геодезиялық түсірімніӊ заманауи технологиялар туралы соӊғы ақпаратты қамтыған жоқ. Осыған орай осы саладағы соӊғы жетістіктерді бір кітаптыӊ ішінде жүйелі түрде шығару қажеттілігі туды. "Surveying Instruments and Technology" кітабыныӊ авторлары бұл істі толықтай орындады.

Кітап геодезияда қолданылатын заманауи техникалық және бағдарламалық құралдарды, сонымен қатар тарихи сілтемелерді, жұмыстыӊ физикалық және құрастырушылық принциптерді, геодезиялық құралдардыӊ жұмыс істеуініӊ ерекшеліктерін зерттеуіне арналған.

Кітап еӊ алдымен "геодезия" мамандығы бойынша оқитын студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушыларға арналған, сондай-ақ ол геодезиялық түсірімніӊ заманауи құралдарды түсініп, меӊгеруге талпынатын кәсіби геодезистерге де пайдалы болады.

Жол байланысы мен ғимараты, геодезиялық бақылау байланысы сияқты ірі құрылыс жобаларымен жұмыс істейтін далалық геодезияшылар осы кітаптан пайдалы ақпаратты таба алады. Бұл еӊбек оқырмандарға заманауи геодезиялық құрал-жабдықтар негізіндегі жаӊа технологиялық шешімдермен танысуға көмектеседі деген үміттеміз, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны