22.06.2015, 15:28 3780

Қазақстандық ғарышкер А.Айымбетовтіӊ қыркүйек айында ХҒС-ына ұшуы бекітілді

Ғарышкерлерді даярлау орталығыныӊ ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты британдық әнші Сара Брайтманныӊ орнына Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға қатысушы ретінде бекітті.

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Ғарышкерлерді даярлау орталығыныӊ ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты британдық әнші Сара Брайтманныӊ орнына Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға қатысушы ретінде бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ведомствоаралық комиссияныӊ шешімімен Айымбетов ХҒС-ына қысқа мерзімдік экспедициясыныӊ құрамына енгізілді. Оныӊ дублері болып ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев тағайындалды", - деді агенттіктіӊ сұхбаттасушысы. Иӊгімелесушісі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ғарышқа ұшуға үміткер болған ресейлік бизнесмен Федор Гальчев, әӊгімелесушініӊ нақтылауынша, ғарышқа ұшу идеясынан бас тартқан жоқ, бірақ әзірге осындай сапарға шығуға жеткілікті түрде дайын емес екенін түсініп отыр.

Бұған дейін Росғарыш басшысы Игорь Комаров ТАСС агенттігіне ХҒС-на ұшудан бас тартқан Брайтманныӊ орнына ұшатын адам таяу уақытта анықталатынын хабарлаған еді.

Айымбетов пен Гальчевтан басқа, "Союз ТМА-18М" кемесінде британдық әншініӊ орнына ұшу тәжірибесі болмаған Прокопьев үміткер болған.

"Союз ТМА-18М" ғарыш кемесініӊ Байқоӊыр (Қазақстан) ғарыш айлағынан ұшуы 1 қыркүйекке жоспарланған. Айымбетовпен бір экипажда орбитаға ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен ұшады.

Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылғы 27 шілдеде Алматы облысыныӊ Талдықорған қаласында туған.

Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "жоюшы-ұшқыш" мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылдыӊ мамырынан Қазақстанныӊ Қарулы Күштерініӊ қатарында қызмет атқарады. Жоюшы-ұшқыш.

Талдықорған қаласы маӊындағы авиабазада авиациялық бөлімшеніӊ командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдыӊ желтоқсанынан Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасыныӊ кеӊесшісі, агенттік департаментініӊ директоры. 2011 жылдыӊ наурызынан Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімініӊ бастығы. 2012 жылдыӊ көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.

Қазақстан Республикасы Искери-әуе қызметініӊ полковнигі (2014 жылдан).

2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті. 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасыныӊ ғарышкері дәрежесі берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны