05.09.2007, 18:17 3080

Қазақстандық газ тасымалдаушылар нарықта контрафакт өнімнің пайда болуына алаңдаушылық білдіруде

Қазақстандық газ тасымалдаушылар нарықта контрафакт өнімнің пайда болуына алаңдаушылық білдіруде.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. ҚОСТАНАЙ. Қазақстандық газ тасымалдаушылар нарықта контрафакт өнімнің пайда болуына алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Соңғы кездерде Ақтөбе кенішінен ББФ маркалы тазаланбаған газды сату оқиғалары жиілеп барады",- деп хабарлады облыс нарығына негізгі көгілдір отын тасымалдаушы болып табылатын "Промбаза-7" ЖШС директоры Ұсындық Ақұлова. Оның айтуынша, бұл газдың сапа сертификаты жоқ, ал оны пайдаланғаннан кейін ғимарат ішінде кетпейтін өткір иіс қалады. Компания директорының сөзіне сүйенсек, "газ жақсы тазалаудан өтпеген". Сондай-ақ оны пайдалану газ құралының ластануына әкеп соқтырады.

Ұ. Ақұлованың айтуынша, сапалы газды жасанды газдан тек зертханалық жолмен ғана ажыратуға болады. "Бірақ жағымсыз иіс - жасандылықтың ең басты белгісі",- деп қосты ол. Ол сондай-ақ, нағыз газдың бір баллоны 850-900 теңгеден кем тұрмайды. "Егер газ баллоны 600 теңге тұрса, бұл - "жалған" газ деген сөз. Немесе газ баллонының салмағы тиісті салмағынан жеңіл болады",- деп түсіндірді ол.

Ресми тасымалдаушы құқық қорғау органдарын "облысқа жасанды газдың тасымалдануын тоқтатуға" шақырады. "Ол қауіпсіздік көзі болып қана қоймайды, оны сататын адамдардың лицензиялары жоқ, қазына олардың кәсіпкерлік іс-қызметінен ешқандай салық алмайды деген сөз",- деп түсіндіріп өтті ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны