17.01.2007, 11:00 1754

Қазақстандық IT компаниялары өз салаларының дамуына кедергі жасап отырған мәселенің бірі ретінде зияткерлік меншік құқығы туралы комитеттің жабықтығын атады

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстандық IT компаниялары өз салаларының дамуына кедергі жасап отырған мәселенің бірі ретінде әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы туралы комитет жұмысының жабықтығын атады. Бұл туралы компаниялардың өкілдері "ҚР қаржы секторындағы зияткерлік меншік құқығын қорғаудың бірқатар өзекті мәселелері" атты "дөңгелек үстел" барысында атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"GRATA" компаниясының басқарушысы Төлеш Қаудыровтың айтуынша, комитеттің ақпаратына қол жеткізу мүмкін емес, әрі ведомствоның сайты жаңаланбайды. "Мемлекеттік реестрде көрсетілген тауарлық белгілерді көре алмай отырмыз. Біз өзіміздің тауарлық белгімізді жасаудан бұрын ол басқа біреуге тиесілі ме дегенді не себепті біле алмаймыз?",- деп сұрақ қойды ол. IT компаниялар өкілдерінің пікірінше, "мұндай құпиялық дау-дамай туғызады".

"Зияткерлік меншік туралы комитет неғұрлым ашық ұйым болуы, бизнеспен және оның қызметтерін пайдаланатындармен тығыз байланыста болуы дұрыс",-деп санайды олар.

"Дүниежүзілік сауда ұйымына ену үшін батыс елдердің Қазақстанға қоятын бірінші талабы - зияткерлік меншік құқығының сақталуы болмақ",-деп атап өтті "дөңгелек үстелге" қатысушылар.

"Халықаралық стандарттарға көшуге байланысты ҚР есеп жүйесі ауысатын болмақ",-дейді мамандар. Қиындық туғызатын мәселелердің қатарында олар халықтың зияткерлік меншік құқығы мен бағдарламалық өнімдер жөніндегі сауатын ашу қажеттігін атады.

"Біз қазір осы мәселелерді көтеріп жатырмыз. Мемлекеттік құрылымдар жаңалыққа тез бейімделе бермейді. Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет бұл мәселеде ешқашан бастамашы бола алмайды",-деп түйіндеді Т. Қаудыров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны