01.03.2007, 11:31 3058

Қазақстандық қан тапсыру орталықтарының жағдайы мүшкіл

АЛМАТЫ. 1 наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық қан тапсыру орталықтарының жағдайы мүшкіл. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында республикалық қан құю орталығының бас дәрігері Делевер Бекиров хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі кезде республикалық қан құю орталығы қанмен жартылай ғана қамтамасыз етілген. Бекировтің айтуынша, 2006 жылдың соңына қарай Оңтүстік Қазақстан облысында қан көлемі жыл басымен салыстырғанда шамамен екі есе азайған. "Адамдар қан тапсырудан қорқатын болған, бұл әрине емдеуге кері әсерін тигізбей қоймайды",-деді бас дәрігер.

Д.Бекиров елдің шалғай аймақтарындағы жағдай бұдан да жаман дейді. Ауруға шұғыл түрде қан құю қажет болса, қан оның туыстары мен таныстарынан зертханалық тексерусіз алынады. Өткен жылы қан тапсырмақ болған 49 адамнан ВИЧ вирусы анықталған,-деді ол.

Сонымен қатар дәрігерлер тозығы жеткен қондырғылар мен кәсіби мамандардың жетіспеушілігінен отандық қан құю орталықтары өз дейгейінде қызмет көрсете алмай отыр дейді. Олардың ақпараттарынша, көптеген қиындықтарды шешу үшін шамамен 63 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. "Біз бұл сома денсаулық сақтау бюджетінің үштен бірі ғана екендігін түсінеміз, алайда бұған әлі де түзетулер қажет",-деді республиканың бас дәрігері Анатолий Белоног. Оның айтуынша, отандық қан құю қызметтерінің жағдайына үкімет Оңтүстік Қазақстан облысындағы қайғылы жағдайдан кейін ғана назар аударған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны