01.02.2008, 19:10 2767

Қазақстандық кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы 8 млрд теңгеден асып жығылады - еңбек министрі (толықтырылған нұсқа)

Қазақстандық кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы 8 млрд теңгеден асып жығылады - еңбек министрі (толықтырылған нұсқа)

Астана. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы 8 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорқау министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстандық кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы 8 млрд теңгеден асып жығылады, бұл салық органдарымен бірлесіп жұмыс істеудің пәрменділігін арттыруды және жұмыс берушілердің өздерінің әлеуметтік жауаптылығын күшейтуді қажет етеді",- деп атап көрсетті Б. Сапарбаев.

Жалпы "зейнетақы төлемдерін индексациялау тәртібіне, базалық зейнетақы төлемдерінің деңгейін көтеруге, жинақтау зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тиімділігін көтеруді, зейнетақы есепшоттарын пәрмендендірді аяқтауға, жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын дер кезінде және толық аударуына қойылатын бақылауды күшейтуге байланысты бірқатар проблемаларды шешуді қажет етеді", деп атап көрсетті. "Бұл мәселелерде Экономика министрлігінің, Қаржы министрлігі мен Қаржылық қадағалау агенттігінің көмегі мен қолдауын табамыз деген үміттеміз",- деп қосты ол.

Атап айтқанда, "зейнетақы жинақтарының кестесі, халықтың зейнетақы жүйесі туралы ақпаратпен танысу деңгейі еркін және кәсіби еркін дамуды қажет етеді",- деп атап өтті Б. Сапарбаев. "Осыған байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен Мемлекеттік аннуитеттік компания өз қызметтерінің пәрменділігін арттырулары қажет",- деп атап көрсетті ол.

Министрдің айтуынша, еңбек саласындағы басты міндеттердің бірі өндірістік іс-қызмет жұмысшыларына қажетті жағдай жасап, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын тікелей сақтау болып табылады. Жалпы, Б. Сапарбаевтың атап өтуінше, еліміз бойынша оң беталыстарға қарамастан (өндірістік жарақаттану деңгейі 8 пайызға, өлім 13 пайызға төмендеген) өндірісте 3 мыңға жуық адам зардап шеккен. "Осыған байланысты жайсыз жағдайлар Алматы, Астана қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облысытарында болып отыр",- деп нақтылап өтті Б. Сапарбаев.

Министр, өткен жылы еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 23 мың нысанға тексеру жүргізіп, небәрі 97 өндіріс (0,4 пайыз) тоқтатылған, орта есеппен әрбір тексерілген кәсіпорынға 7,6 мың теңге көлемінде айыппұл салынған және де құқық қорғау органдарына жәберілген әрбір оныншы материалға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Біздің пайымдауымызша, әкімшілік заңнаманың Еңбек кодексін бұзып отырған жұмыс берушілерге қатысты қолданылатын шараларды қатайтуды қарастыратын бөліміне өзгертулер енгізу қажет",- деп атап көрсетті ол. Қазіргі уақытта еңбек заңын бұзатындарға төнетін ең ауыр әкімшілік жаза - бұл 200 АЕК немесе 233,6 мың теңге, және де заң бұзушылық қайта анықталған кезде жұмыс берушінің орташа жалақысына тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны