02.08.2012, 10:35 4262

Қазақстандық медқызметкерлер Финляндия мен Ұлыбританияда машықтанудан өтті

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының (РДДО) бас директоры Мақсұт Құлжанов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық медқызметкерлер Финляндия мен Ұлыбританияда машықтанудан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының (РДДО) бас директоры Мақсұт Құлжанов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Қазақстандық дәрігерлер мен медбикелердің кәсіби деңгейін көтеру үшін әлемнің ең үздік клиникаларында қысқа және ұзақ мерзімді оқытулар, машықтанулар жүргізілуде", - деді М.Құлжанов.

Биыл амбулаторлық буын қызметкерлері алғашқы жәрдем көрсету жоғары деңгейде жүргізілетін Финляндия мен Ұлыбританияға екі топпен барып қайтты. "Ир топта еліміздің әр түкпірінен жиналған 25 шақты адамнан болды, олар медициналық көмек пен жұртшылыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыруды оқып-үйренуге мүмкіндік алды", - деп қосты РДДО басшысы.

Бұдан басқа, медқызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру қажеттілігі туралы да сөз болды. РДДО бас директорының айтуынша, бүкіл әлемде қасақана жасалмаған дәрігерлік қателіктерден сақтандыру, яғни медқызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тәжірибесі бар.

"Қазақстанда да мемлекеттің қатысуымен, медқызметкерлер өздерінің кесімді сақтандыру төлемдерін міндетті түрде аударып отыратын белгілі бір сақтандыру институты құрылады деп ойлаймын", - деді М.Құлжанов.

Денсаулық сақтауды дамыту орталығы бас директордың пікірінше, әлемдік тәжірибеде қасақана жасалмаған қателіктер төрт негізгі түрге: медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайы дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан болатын- ұйымдастырушылық; технология мен медтехникада ақау болуы салдарынан болатын - технологиялық; медқызметкерлерге тәуелді емес - дәрі-дәрмектік; сондай-ақ науқасқа дұрыс қарамау салдарынан болатын - этикалық болып бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны