04.04.2016, 16:11 3791

Қазақстандық мергендер халықаралық мергендер сайысында үздіктер үштігіне кірді

Бір аптада қатысушылар дәл оқ атудағы машықтарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге белгіленген ауданға әрі қарай шыға отырып, жергілікті жерде бағдарлау жылдамдығын, түзетулердіӊ есебін жүргізу үшін су жаӊа аспаптарды пайдалану шеберлігін, сондай-ақ күндіз және түнде таӊсық жерде жауынгерлік тапсырмаларды орындау шеберлігін де паш етті.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Америка Құрама Штаттарындағы Солтүстік Каролина қаласыныӊ "Форт Брэтт" әскери базасында АҚШ ҚК Арнайы операциялар күштері мергендер жұбыныӊ 7-ші жыл сайынғы сайысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аустралия, Германия, Голландия, Ирландия, Қазақстан, Сингапур және АҚШ-тыӊ 25 қатысушы командасы арасындағы еӊ мірлі атқыштар анықталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

Бір аптада қатысушылар дәл оқ атудағы машықтарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге белгіленген ауданға әрі қарай шыға отырып, жергілікті жерде бағдарлау жылдамдығын, түзетулердіӊ есебін жүргізу үшін су жаӊа аспаптарды пайдалану шеберлігін, сондай-ақ күндіз және түнде таӊсық жерде жауынгерлік тапсырмаларды орындау шеберлігін де паш етті.

Қазақстандықтардыӊ айтуы бойынша мұндай жарыстарға қатысу үйреншікті емес сазды-орманды жерде жұмыс жасауға мәжбүр болғанымызды ескере отырып, дайындық деӊгейін арттыруға ықпал етеді.

Бейресми халықаралық сынақта АҚШ-тыӊ мергендері бірінші орын, Германияныӊ атқыштары екінші орын, қазақстандық жұп үшінші орынды еншіледі.

Сонымен қатар "Форт Брэтт" базасындағы сайыс жабық болып саналатынын және қазақстандық әскери қызметшілер, қатысушылар арасында құрметті миссия екенін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны