30.05.2017, 19:03 4515

Қазақстандық офтальмологтар қоғамына шала туған нәрестелерді емдеуге арналған заманауи лазерлік аппарат сыйға тартылды

Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында жылына 20 000 сәби мезгілінен бұрын туып, оныӊ 40 % шала туғандар ретинопатиясына шалдығады

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандық офтальмологтар қоғамына шала туған нәрестелерді емдеуге арналған заманауи лазерлік аппарат сыйға тартылды. Медициналық қондырғы орнатылғалы бері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында көз жанарын сақтап қалу мақсатында 50 балаға 100 ота жасалды.

Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында жылына 20 000 сәби мезгілінен бұрын туып, оныӊ 40 % шала туғандар ретинопатиясына шалдығады (8 мыӊға жуық бала). Өкінішке қарай, бұл сәбилерге дер кезінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілмесе, бұл бүлдіршіндердіӊ басым бөлігі көз ауруы бойынша мүгедектер қатарын толықтырады.

Шала туылғандар ретинопатиясы - көздіӊ ішкі тор қабығындағы тамырдыӊ дұрыс дамымауыныӊ салдарынан пайда болады. Ауыр жағдайларда аурудыӊ нәтижесінде нәрестеніӊ үш айға толуына дейін толықтай соқырлыққа немесе көздіӊ көру қабілетініӊ нашарлауына әкеп соқтырады.

Бүгінгі күні ретинопатияны емдеудіӊ "алтын" стандарты, соқырлықты алдын алатын лазерлі коагуляция болып саналады. Ота жасаудағы еӊ маӊызды фактор- уақыт, оӊ нәтижесеге жетіп, нәрестеге көмек көрсету үшін дәрігердіӊ құзырында бар-жоғы 24-72 сағат . Кейбір жағдайларда, жергілікті жерде қажет офтальмологиялық қондырғылардыӊ болмауы салдарынан және өзге емдеу мекемелеріне жеткізуге мүмкіндік болмаған тұста, нәресте соқыр болып қалуы әбден мүмкін.

Қазақстан офтальмологтарыныӊ қоғамы бұл жағдайды ескере отырып, балаларды қорғау күніне орай 2 маусымда отандық неонатолог пен педиатор мамандарды жинап, шала тыулған сәбилердіӊ көз жанарын сақтап қалу мақсатын көздеген, неонотология мен офтольмологияныӊ өзекті мәселесін қарасыру үшін басқоспақ.

Басқосуда:

- нәрестелерде ретинопатияныӊ пайда болу себебі мен даму қаупі.

- Алматы қаласы және облысы аумағындағы перинаталды орталықтарда шала туылған нәрестелерді күту барысында соқырлықты алдын-алу міселелері.

- 5 жыл төӊірегінде ретинопатияны емдеудіӊ нәтижелері (статистика)

Қазақстан офтальмологтарыныӊ қоғамына Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы тарту еткен заманауи лазерлі аппарат бүгінгі күні осы диагнозға шалдыққан 50 нәрестеге 100 ота жасалып, барлығыныӊ көз жанары сақталып қалды. Ота педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында жасалды.

Қазақстандық офтальмологтар қоғамыныӊ отырысы 2 маусым күні сағат 14.00 Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны