28.05.2015, 19:15 3679

Қазақстандық оқушылар Минск қаласындағы қозғалыс жас инспекторларыныӊ халықаралық форуміне қатысуда.

43-қозғалыс жас инспекторларыныӊ республикалық слет-конкурсыныӊ салтаннаты ашылу рәсімі 26 мамырда "Минск - город-герой" стеланыӊ қасында өтті.

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - Минскте (Беларусь Республикасында) 43-қозғалыс жас инспекторларыныӊ (ҚЖИ) республикалық слет-конкурсы өтуде. Слетке ҚЖИ жасақтары - Беларусь Республикасыныӊ облыс және астаналық конкурстарыныӊ жеӊімпаздары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдіӊ командалары қатысуда. Қазақстан құрамасы болып слетте Шығыс Қазақстан облысыныӊ ҚЖИ командасы барды. Барлығы жарысқа 200 жуық бала қатысып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

43-қозғалыс жас инспекторларыныӊ республикалық слет-конкурсыныӊ салтаннаты ашылу рәсімі 26 мамырда "Минск - город-герой" стеланыӊ қасында өтті.

Слет-конкурстыӊ қонақтары мен қатысушыларын астананыӊ шығармашылық ұжымдары қошаметтеді. Салтанатты ашылуына арнап "Альянс" Беларусь би лигасыныӊ оқушылары "Жас ұрпақ - қауіпсіз қозғалысты қолдайды" деген ұранымен флешмоб дайындады.

Слеттіӊ мерекелік жабылуы 30 мамырда "Верхний город" қонцерттік залында болып өтеді, онда конкурстыӊ жеӊімпаздары мен қатысушыларыныӊ марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шараны фейерверкпен аяқтау жоспарланып отыр.

Осыған ұқсас ҚЖИ слеттері Қазақстанда да өткізілетінін атап өту қажет. Жыл сайын ІІМ бастамасымен аймақтық слеттер және оныӊ республикалық финалы өткізіледі, оныӊ жеӊімпаздары ТМД-ға қатысушы-елдердіӊ мемлекетаралық ҚЖИ слетінде Қазақстанныӊ намысын қорғайды. 2014 жылы Ғ.Байтасов атындағы Қозғалыс жас инспекторларыныӊ республикалық слеті Шығыс Қазақстан облысында өтті, оған Қазақстанныӊ аймақтық жарыстарыныӊ жеӊімпаздары және ТМД елдері (Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы) қатысты.

2015 жылы Қазақстан Республикасы ҚЖИ республикалық слетін 10-19 шілде аралығында Қостанай обласында өткізу жоспарланады.

ҚЖИ қозғалысы, оныӊ слеттері, конкурстары жалпы білім беру процессін тереӊдетуге ықпал етеді, өскелеӊ ұрпақтардыӊ мәдени деӊгейіне айтарлықтай әсер етеді, қішкентай азаматтырдыӊ өмірі мен денсаулықтарын сақтап қалуға көмектеседі, балалардыӊ жол-көлік жарақаттану жағдайына нақты әсер етеді.

Біздіӊ отандастарымызға сәттілік пен конкурста жеӊіс тілейміз!

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны